Газ, бензин, дизель бағасы уақытша реттеледі – Тоқаев
Газ, бензин, дизель бағасы уақытша реттеледі – Тоқаев
05.01.2022 12:56
68
0

5 қаңтар таңертең президент елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді.

Жиында Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар қосымша тапсырма берді.

Президент мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге  енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша да мемлекеттік реттеу енгізіледі. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды.

Сондай-ақ президент "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң әзірлеуді бұйырды. Бұдан бөлек, халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігі, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесі қарастырылады.

Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін "Қазақстан халқына" деп аталатын қоғамдық қор құрылып, ол мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландырылады.

 

 

Дереккөз:Ақорда.

0 пікір