Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыру керек - Тоқаев
Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыру керек - Тоқаев
02.03.2022 11:51
83
0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мұше болуына 30 жыл толуына байланысты пікір білдірді.

«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.


Дереккөз:inform.kz 

0 пікір