“ҒЫЛЫМ МЕН ЖАСТАР-ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ СЕНІМДІ КЕПІЛІ”
“ҒЫЛЫМ МЕН ЖАСТАР-ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ СЕНІМДІ КЕПІЛІ”
31.03.2022 11:48
114
0
 
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған “Ғылым мен жастар-табысты болашақтың сенімді кепілі” тақырыбындағы жаратылыстану, техникалық, Әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша XXV Республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері: жастардың еліне деген сүйіспеншілігін ояту, студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру, жастардың зияткерлік қаблетінің қалыптасуына ықпал ету.
Ғылыми бас қосуға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исахов, Шымкент қаласы «Дарын» орталығы директорының инновация жөніндегі орынбасары Сұлтан Шымбайұлы, «Жас Отан» ЖҚ Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ердәулет Жүнісбек және жоғары және орта оқу орынның студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Конференцияда тіл мен әдебиет, филология, педагогика, мәдениет, экономика, заңтану, әлеуметтану, саясаттану, жаратылыстану, агроөнеркәсіп, химия, техника салалар қамтылды. Сонымен қатар қонақтар өз баяндамаларын ұсынып өзара пікір алмасып, жастарға шығармашылық сәттілік тіледі.
 
 
 
 
 
0 пікір