ХАЛЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ЖАН АЙҚАЙЫ
ХАЛЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ЖАН АЙҚАЙЫ
15.02.2022 15:29
164
0
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні сағат 11:00де Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Жаңаталап елді-мекеніндегі мәдениет үйінде Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, “Ақ жол” партиясының мүшелері, НОЯН НАЗАРҰЛЫ ТӨЛЕГЕНОВ пен НАЗИПА ДАРХАНБАЙҚЫЗЫ МАМЫҚОВА халықпен кездесті. Жиынды Жаңаталап елді-мекенінің ауыл биі, Абдулла Бақадыр жүргізіп отырды.
Жиынға қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары, атап айтқанда:
⁃ Шымкент қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы - Архабаев Нұрлан Төлепбергенұлы және орынбасары - Жүнісбеков Нұрбол,
⁃ Шымкент қалалық Экология Департаменті басшысының м.а. - Қозыбаев Ермахан,
⁃ Қалалық жайлы ортаны дамыту басқарма басшысының орынбасары - Кенжебаева Нұрсұлтан Сарықұлы,
⁃ Абай ауданы әкімінің орынбасары - Нұрлан Тілеш,
⁃ Абай ауданы әкімі аппаратының қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы - Сапарбекова Қалимаш,
⁃ Абай ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы - Жұрман Дауренәлі,
⁃ Абай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы - Ажедин Мейіржан Ғаниұлы,
⁃ Абай аудандық полиция басқармасының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі - Әділбеков Бақытжан Сатыбалдыұлы,
⁃ Абай ауданының учаскелік полиция капитаны, инспектор - Құрмашов Тимур қатысты.
Сонымен қатар, Бұқаралық ақпарат құралдарынан атап айтқанда;
⁃ “ONTUSTIK” телеарнасы журналист - Мақсат Айтжанов,
⁃ “Шымкент келбеті” газетінің тілшісі - Әнуар Жұмашбаев және жергілікті тұрғындар қатысты.
      Кездесуде төмендегі мәслелер талқыланады:
1. Елді-мекен тұрғындарының тұрғын үйлерінің Заңды құжаттарының жоқтығы, осы күнге дейін есепте болмағандығы;
2. Елді-мекеніндегі заңсыз торпақ (топырақ), шағал тас ұрлығы;
3. Автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары;
4. Қоқыс және т.б. мәселелер.
      1- мәселе бойынша: Кезіндегі ауылшаруашылық жері ретінде пайдалануға берілген Жаңаталап елді-мекенінде қазіргі таңда 6500-ге жуық халық тұрады. Елді-мекенде барлық коммуникациялары бар, қоныстанған 780-нен астам үйдің осы күнге дейін ГОС актісі, яғни тіркеу құжаты жоқ.
Абдырашит Әшірбекұлы Пашаев, ауыл биі:
     ⁃ Бұл елді мекенде 1996,2003 жылдан бері тұратын азаматтар бар . Тұрып жатқан баспаналарының тіркеу құжаттары жоқ. 6500-ге жуық халықтың тіркеуі жоқ. Себебі жер кезінде ауылшаруашылығы мақсатында берілген. Тұрғындар өз баспаналарын салып, 20 жылдан бері ГОС актілерін тұрғын үй мақсатына ауыстыра алмай жүр. Барлық коммуналдық төлемдердің түбіртектері бар. Халық ауада тұр. Мемлекеттен берілетін бір де бір көмекті ала-алмай отырмыз. 20 жылдан бері жан айқайымызды естіген ешқандай жан және заң жоқ. Осы мәселе бойынша тұрғындардың құжаттарын заңдастырып берулеріңізді сұраймыз…
 
      Осы аталған мәселе бойынша қаламыздың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы - Нұрлан Төлепбергенұлы Архабаев сол жердегі тұрғындардың талап-тілегін орындайтынын, ол үшін тұрғындардың құжаттарын заңдастыруға елді-мекеннен жауапты белсенділер сол жердегі тұрғындардың құжаттарын жинап, Абай ауданы әкімі аппаратының Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы - Сапарбекова Қалимаш ханымға жеткізіп бергеннен кейін, халық қалаулыларына ұсынылып, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына өткізіліп, оң шешімін табу заң аясында қарастырылатын болады деді.
     2- мәселе бойынша: Жаңаталап елді-мекеніндегі заңсыз торпақ (топырақ) ұрлануы, атап айтқанда мазараттан, мазарат маңындағы жерлерден торпақтың (топырақ) ұрлануы, Бадам өзені бойынан заңсыз шағал тас ұрлануы бойынша Шымкент қалалық Экология Департаменті басшысы м.а. - Қозыбаев Ермахан бұл табиғатқа орасан зор кесірін тигізетінін, Қылмыс екенін, су тасқыны болып ауылды су шаю қауіпі жоғары болуына және судың тартылып кетуіне кері әсерін тигізетінін айтып өтті.
      Ал, Абай аудандық полиция басқармасының бірінші орынбасары, полция подполковнигі - Бақытжан Сатыбалдыұлы алдағы уақытта Жаңаталап елді-мекеніне және Бадам өзені бойына 200-ге жуық бейнебақылау камералары орнатуға қалалық әкімдікке ұсыныс беретінін және бейнекамералар орнату ашылмай жатқан қылмыстың жолын кесудің нақты жолы екенін айтты.
Алдағы уақытта ұрлықтың алдын алу мақсатында жергілікті экологияға қатысты өкілдерімен бірлесе отырып жұмыс атқаратынын, бұл істі өз назарында ұстайтынын жеткізді.
     3-4- мәселелер бойынша:
     Қоқыс және өзге де мәселесі бойынша Абай ауданы әкімінің орынбасары - Нұрлан Тілеш 3 жұмыс күні ішінде ретке келтіріп беретінін айтты.
     Тұрғындар көтерген жоғарыда аталған мәселелерді қалалық мәслихат депутаттары, “Ақ жол" партиясының мүшелері НОЯН НАЗАРҰЛЫ ТӨЛЕГЕНОВ пен НАЗИПА ДАРХАНБАЙҚЫЗЫ МАМЫҚОВА және билік өкілдері өз назарларына алып, жергілікті билікпен алдағы уақытта барлығын рет-ретімен шешу жолдарын қарастыратындықтарын, талап-тілектерін назарда ұстайтындарын және нәтижесін әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы жариялайтындарын жеткізіп, көпшілікпен жылы қоштасты.
0 пікір