ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ: АЭС – БҰЛ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ
ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ: АЭС – БҰЛ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ
11.09.2024 15:18
17
0

   Қазақстанның энергетика жүйесін жаңарту, энергетикалық әлеуетімізді талдау, болашақта жаңа қуат көздерін алатын технологияларды зерделеу және АЭС салу мәселесі күн өткен сайын қоғамның ашық талқылауына шығып жатыр. АЭС құрылысы Қазақстанға көмірқышқыл газының шығарылуын азайтып, экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар елдің экономикасының түрлі салаларын дамытуға серпін береді деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аймақтық инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде, елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін оның ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтады.

            Ақиқатын айту маңызды, біздің қоғам атом энергетикасын қабылдауға әлі де дайын емес. АЭС-ке байланыс­ты қоғамда қалыптасқан үрей бар. Бұл негізсіз де емес. Алайда сарап­шылар азаматтық энергетика тұр­ғысынан қарағанда бүгінгі технологияда үлкен тәуекелдер жоқ еке­нін айтып жүр. Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша Халықтық штаб мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті.

            Жиынды кеңес төрайымы, Шымкент қаласы бойынша Халықтық штабтың мүшесі Баян Жандосова жүргізді. Қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары, штаб жетекшісінің орынбасары Ербол Байқонысов, кеңес мүшелері, партия қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

            Халықтық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттады. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының 2024 жылға бекітілген тармақтарының іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасының 8 айында орындалуы туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Утебаеваның есебі тыңдалды.

            - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы қаламыздың әрбір азаматына түсіндіріліп, Жолдауда жүктеген міндеттердің орындалуын, мән-маңызын халыққа жеткізу өзекті мәселе. «AMANAT» партиясы Жолдауда айтылған бағыттар бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын бірінші күннен бастап кетті. Осы орайда баршаңызды белсенді жұмыс істеуге шақырамын, - деді Ербол Рәбілұлы.

 

0 пікір