ИГІЛІКТІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БАРЫСЫ НӘТИЖЕЛІ
ИГІЛІКТІ  ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БАРЫСЫ НӘТИЖЕЛІ
11.10.2022 21:46
25
0
Шымкент қаласының Абай ауданы Игілік тұрғын алабында 1 319 отбасы қоныстанған. Халық саны 8431 адамды құрайды. Бүгінде Игілік тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
694 үй мемлекеттік жүйеден электр қуатын алуда. Трансформатор жарығын қолданып отырған 625 үйді сапалы электрмен қамту мақсатында 2021 жылы құрылыс жұмысы аяқталған. Қазір абоненттеу жұмыстары 250 үйде аяқталып, қалған үйлерге де қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Тұрғын алаптағы "Терешкова" көшесіне жарықшамдар орнатылуда. Жалпы 43 көшенің 11-і асфальт, 22-тас жол, қалғаны топырақ жолдар. 2021 жылы атауы жоқ №6 көшеге шағал тас төселді. Биылдан бастап атауы жоқ 32,33,34,35, Жаңақұрылыс (Көксарай дүкен), Сіргелі 1, 2, 3, 4, 5, 6, Баба ата жалпы саны 10 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Елдімекендердің инфрақұрылыммен қамту жұмыстары 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сай, реті және кезегімен жүргізілуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған. Биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының 28,9% пайызы орындалған. Осы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған.


0 пікір