ИНТЕРНЕТ – ЦИФРЛАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ
ИНТЕРНЕТ – ЦИФРЛАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ
06.06.2024 14:04
40
0

Интернеттің қолжетімді болуы – елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Бұл, әсіресе, коронавирус пандемиясы әлемді онлайн режиміне көшуге мәжбүр еткен кезде өзекті болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең алдымен цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысқа қосылуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарда аз емес.

Қала әкімі телекоммуникациялық компания басшыларымен кездесті. Әкім Цифрландыру басқармасына жиында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықтауды тапсырды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен және «Kcell» АҚ компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қалада кең жолақты интернетке қосылуды дамыту мәселелері және «Қазақтелеком» АҚ-ның Шымкент қаласын цифрландыруға бағытталған жаңа қызметтері талқыланды. Сонымен қатар, байланыс операторларымен телекоммуникация желілерін дамыту жоспары пысықталды. Кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ басшылығы қалада жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, 2022-2024 жылдар аралығында ұлттық байланыс операторы телекоммуникация саласын дамытуға 6 миллиард теңгеден астам инвестиция бөліп отыр. Бұдан бөлек, бүгінде тұрғындардан байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының төмендігі туралы шағымдар түсіп жатқанын да айтты. Айта кетерлігі, қазір қалада базалық станциялардың аздығынан байланыс нашар орындар бар. Жиын барысында кәсіпорын өкілдері ғимараттар мен жаңа тұрғын үй кешендерінің шатырларына жабдықтар орнатуды, антенналық діңгек құрылымдарын және қосарлы мақсаттағы көше тіректерін салуды үйлестіру тетіктерін пысықтауды сұрады. Сондай-ақ өз кезегінде байланыс пен интернет сапасын арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін де атап өтті. Әкім Цифрландыру басқармасына жиында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықтауды тапсырды.
         Интернет – цифрландыруды іске асыратын негізгі құрал. Тіпті төртінші өнеркәсіптік революцияның негізі. Бұл – озық елдердің ортақ ұстанымы. Адамдардың сапалы өмір салтын қалыптастыру жоғары жылдамдықты интернетке тікелей байланысты. Өйткені сервистік қызметтің барлық саласы интернеттегі ресурстар арқылы іске асады. 

0 пікір