ИНТЕРНЕТКЕ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ИНТЕРНЕТКЕ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
12.07.2024 14:25
55
0

Кең жолақты интернет - Интернетке қол жеткізудің ең жиі қолданылатын түрі. Бүгінгі күні бұлттық есептеулер, ойын ойнау, бейне, интернет-теледидар және үйдегі көптеген смартфондар үшін қажет жоғары қол жеткізу жылдамдығы мен сенімділігіне байланысты кең жолақты қосылым қажет. Интернет қазіргі адамның күнделікті өміріне мықтап енді.  Оның көмегімен сіз әрқашан өзіңізге қажетті ақпаратты таба аласыз, кез келген уақытта бейне қоңырау шала аласыз, әртүрлі қызметтерді төлей аласыз. Интернет өмірдің барлық салаларында шексіз дерлік мүмкіндіктерге жол ашты. Халық ағартушысы Ыбырай Алтынсарин­ айтпақшы, «Айшылық алыс жерлерден көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызатын» сапалы интернет пен ұялы байланысты емін-еркін пайдаланатын заман қазір. Десе де онлайн оқу үшін жылдамдығы тәуір интернетке қол жеткізе алмай жатқан ауылдар жетерлік.  Яғни ғаламтор байланысы адам өмірінде маңызды орын алатын қажеттіліке айналды. Демек, оған деген сұраныс арта түсетіні белгілі. Бұл үрдіс қазір орталық қалалардың аумағынан асып, алыс ауылдарға да жеткені анық. Ал шалғайдағы елді мекендердің кең жолақты интернет байланысына қосылуы күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Басқаша айтқанда, елді қолжетімді байланыспен қамту үшін орасан жұмыс істелуде. Оның нәтижесі де жоқ емес. Бұйырса, жақында қаладан шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен шағын аудандарды оптикалық желі арқылы интернетпен қамту бойынша басқарма тарапынан тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде, 31 елді мекенінде талшықты оптикалық желісімен толық қамтылып, 210000 тұрғынға интернет желісне қосылуға мүмкіншілік жасалынған.

Қазіргі таңда, «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы тарапынан «Жұлдыз» және «Жалын» елді мекендеріне толықтай кең жолақты интернет желісіне 500 тұрғын үйге қосылуға мүмкіндік жасалынды.

Ендігі кезекте компания тарапынан Игілік, Жаңаталап елді мекендерін ағымдағы жылдың соңына дейін талшықты оптика желісімен қамту жоспарлануда.

0 пікір