"Жалғыз отырып, тамақ ішеміз": қазақстандық спортшы Олимпиаданың асханасын көрсетті
"Жалғыз отырып, тамақ ішеміз": қазақстандық спортшы Олимпиаданың асханасын көрсетті
31.01.2022 14:53
96
0

 Қазақстан құрамасының спортшысы Шыңғыс Рақпаров Олимпиада қалашығындағы асхананы көрсетті.

 

 

"Олимпиада қалашығындағы асханаға кішігірім шолу. Тамақтың түр-түрі бар екен. Қытайлық, еуропалық, халал және тағы басқа тағамдар мол. Фаст-фуд та береді. Жалғыз отырып, тамақ ішеміз", - деп жазды Ракпаров.

Асханада санитарлық шаралар қатаң сақталатынын анық байқауға болады. Барлық қызметкер арнайы қорғаныс костюмдерін киіп алған. Ал әрбір спортшы шыны қалқаны бар үстелде тамақ ішеді. Видео Чжанцзякоу қаласында түсірілді.

Айта кетері, Бейжің қаласындағы XXIV Олимпиадасы 4 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:55-те басталады. Жарыстар Яньцин, Чжанцзякоу және ел астанасы – Бейжің қаласында өтеді.

Қазақстанның намысын 34 спортшы қорғайды. Оларда 87 жолдама бар. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Qazaqstan, Qazsport, Хабар және El arna Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфир арқылы көрсетеді.

 



Дереккөз:sputnik.kz

0 пікір