Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмі көрерменге жол тартты
Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмі көрерменге жол тартты
12.06.2024 16:33
78
0

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жыр дүлдүлі, айтыс шебері Жамбыл Жабаевқа арналып түсірілген. Фильмде қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырған ұлы ақын өмірінің соңғы 9 жылы көрініс тапқан.

Фильмде Жамбылдың өміріне әсер еткен оқиғалар баяндалады. Атап айтқанда, ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газеттер мен журналдарда жариялана бастауы, Ораз Жандосовпен, Сәкен Сейфуллинмен және тағы басқа қазақтың атақты қоғам қайраткерлерімен кездесуі көретілген.

Фильм режиссерінің айтуынша, фильм Мәскеу мұрағатындағы тарихи деректерге негізделген. Әсіресе, фильмде ақынмен бірге жұмыс істеген Йосиф Гильманның немересі сақтаған мәліметтер пайдаланылған.

Фильмде басты рөлді Қазақстанның халық әртісі Досжан Жанботаев сомдады. Сондай-ақ, актерлер құрамында Алмас Шаяхметов, Анна Старченко, Асан Мәжит, Ерік Жолжақсынов, Фархад Махмудов, Филипп Волошин, Асылбек Айтиш және т.б. бар.

Айта кету керек, «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи картинасы 2021 жылы ақынның 175 жылдығы мерейтойы тұсында түсіріле бастады. Туынды 6 маусым күні ел кинотеатрларына жол тартты.

0 пікір