Жаңа кезеңдегі онкология
Жаңа кезеңдегі онкология
16.06.2022 15:01
284
0

 

Онкологиялық  ауруларды ерте анықтау, уақтылы арнайы ем беру, сауықтыру науқастардың 5 жыл және одан артық өмір сүру мүмкіндігін арттыру Шымкент қаласы онкологиялық диспансерлік орталығының күн тәртібіндегі мәселе. Өлім жағдайын азайтып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетудің бірден бір жолы - ерте диагностикалау, - дейді мамандар. Ауруды ерте сатысында анықтау емнің оң нәтижесі мен науқастың сауығып кетуіне зор ықпал етеді. Сондай-ақ, медицина саласындағы шығындарды үнемдеудің бірден-бір жолы. Осы мақсатта елімізде белгілі жастағы азаматшаларға жылда скринингтік тексеру жұмыстары жүргізіледі.  Ал, дәл осы тұрғыда Шымкентегі онкологиялық орталықта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Сырқатқа шалдыққан науқастарды емдеуде қаладағы дәрігерлер мен  құрылғылар қауқарлы ма? Дәл осы сұрақтар негізінде Шымкент қалалық онкологиялық орталықтың бас дәрігері Жақсылық Оразбайұлы Мәуленовты сөзге тартқан болатынбыз. Саналы ғұмырын ұлт саулығына арнаған азамат орамды ойларын ортаға салды.

Жақсылық Оразбайұлы Мәуленов – Шымкент қаласы онкологиялық диспансерлік орталығының бас дәрігері:

-Халық арасында онкологиялық ауруларға тек әйелдер шалдығады деген теріс түсінік қалыптасқан секілді. Осының салдарынан да сырқатқа шалдыққан ер адамдар ауруын асқындырып алғанын жиі естиміз. Бұған байланысты көзқарасынңыз қалай?

Онкологиялық ауруларға тек әйелдер шалдықпайды. Дегенмен сырқатқа шалдыққандардың басым бөлігі нәзікжандылар. Сүт безі, жатыр мойны ісігі тек әйелдерге қатысты аурулар. Ал, тоқ ішекке қатысты сырқат екеуіне де ортақ.  Тоқ және тік ішек қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау бойынша скрининг шараларының дүниелiк тәжiрибесiндегi өткiзу тиiмдi шара болып табылады және тоқ iшектiң қатерлi жаңа түзiлiмдерiнiң дер кезiнде анықтап, диагностикалауға мүмкіндік туғызады. Сырқатқа шалдыққан адамның нәжісінен қан бөлінеді. Қан тамшысының бар жоғын, скринингтік гемокульт тест анықтап бере алады.

-Соңғы жиырма жылда әйелдер арасында сүт безі ісігіне шалдыққандар қатары артқан. Өз сөзіңізде бұған сырқатқа бей-жай қарау себеп деп атап өттіңіз. Оcы ретте сырқаттың негізгі белгілерін атап өтсеңіз?

Ең бірінші кезекте омырауға, яғни олардың көлеміне назар аударған жөн. Әдетте, ісіктің бірінші белгісі - бір омырау екіншісінен үлкендеу болады, яғни асимметриясы әртүрлі. Ол сырт көзге байқалады. Екінші назар аударатын жайт, төстің тығыздалып, одан белгісіз бір сұйықтың бөлінуі, омырау қаптың ластануы. Омыраудың ішке қарай тартылып, бұрмалануы. Бұл да сүт безі қатерлі ісігінің басты белгілерінің бірі. Терінің өзгеруі мүмкін.  Мұндай кезде әйелдердің терісі апельсин қабығына ұқсас болады. Қолтық астында ісіктің пайда болуы. Онда түсініксіз жара пайда болуы мүмкін. Ол аса байқалмаса да, қатерлі ісік дәл сол жерден басталады. Бұдан бөлек, шеткі лимфа бездерін ұстап көру керек, оны дәрігер анықтайды.

-Бүгінде түрлі пластикалық оталардың, әсіресе, омырауды үлкейткісі келетін қыз-келіншектердің саны артып жатқанын айта кету керек. Бұл сүт безі қатерлі ісігінің пайда болуына әсерін тигізуі мүмкін бе?

Барлығы әйел адамның генетикасына байланысты. Нақты статистика жоқ. Мысалы, ол баласын ұзақ уақыт бойы емшектен шығармай жүрсе, ол ісіктен басқаларға қарағанда көбірек сақтанады деуге болмайды. Барлығы әр әйелдің өзіне байланысты - генетикасына, кезінде алған жарақаттарына, сыртқы факторларға байланысты. Кейбір оталар төсті тілу арқылы жасалады. Иә, ондай ота бала емізуге кері әсерін тигізіп, ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ал қолтық астымен жасалған отада имплант омырау бұлшықеттерінің астына орналасып, денсаулыққа ешқандай әсерін тигізбейді. Дәрігер сүт безі қатерлі ісігі өскен сайын оның жүйке жүйесі құрылысына тікелей әсер ететінін ескертті. Осыған байланысты маммолог кем дегенде аптасына бір рет айна алдында осы белгілердің бар-жоғына назар аударуға кеңес береді. Ал сүт безі ісігінің қатерлі немесе қатерлі емес екенін анықтау үшін, дәрігердің айтуынша, биопсия (аурудың сипатын анықтау үшін науқас адамның зақымданған тінін кесу) жасап, оны микроскоппен қарау қажет. Ал оның қатерлі екені анықталып жатса, тін гистологиялық зерттеу әдісімен тексеріледі.

 

-Шымкент қалалық онкологиялық орталығындағы аппараттардың мүмкіндігі қалай? Қанша орынға шақталған?Орталықтың кадрлық құрылымы қалай?

Онкологиялық орталық 211 орынға шақталған. Оның ішінде 20 орын күндізгі стационар. Ол жерде жеңіл сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан азаматшалар ем қабылдайды. 30 орын хирургия, 25-і гинекология, 50-і химиотерапия, 23-і паллиативтік көмек, 41 төсек радиологияға арналған. Химиотерапияны әр 21 сайын 7-10 күн аралығында алады. Ал, радиология бөлімі сәулелі болғандықтан 30 күнге созылады. Әр адам орта есеппен 30 күн жатады. Хирургия бөлімінде науқастар 10-12 күн ем қабылдайды. Биыл орталығымыз маммологиялық, эндоспиялық, рендгенологиялық аппараттармен толықты. Эксперттік УДЗ, лапараскапиялық, нархоздық жабдықтар алынды. Операциялық залға стол, дәрігерлерге көзге арналған лампа сатып алынды. Ол ота кезінде жақсы көріне көп септігін тигізеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде орталықтан АЭК орталығы ашылу жоспарлануда. Сондай-ақ, АҚШ-та жасалған заманауи сәулелік аппаратпен толықты. Онкологиялық орталықта ем қабылдау, ота жасату 100 пайыз тегін. Тек науқастың өзі тіркелген емханадағы онкологтың консультациясында болып, жолдамамен келуі қажет. Бізде КТ, МРТ аппараттарының қызметін пайдалану да ақысыз.  Қаладағы барлық емхана, ауруханалармен байланыс орнатылған. Егер мұнда келуге мүмкіндігі болмаса сырқат өзіне жақын медициналық мекемедегі КТ, МРТ аппараттарына тегін түсуге мүмкіндік қарастырғанбыз.

          Шымкент қаласындағы дара медициналық мекеме онкологиялық ауруларға арнайы және жоғары технологиялы мамандырылған ем көрсететін, орналасқан жері ыңғайластырылған ғимаратта, өйткені, бұл бұрын санатория болған. Қазіргі таңда, 210 төсек орынды ауруханасы және 150 келушіге арналған емханасы бар. Құрамында екі кафедра орналасқан, Қазақ-түрік халықаралық университеті және Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік медициналық фармацевтикалық академиясы. Диспансерде төрт профессор, 12 медицина ғылымдарының кандидаттары, бес «Денсаулық сақтау ісінің үздіктері» жұмыс істейді.Облыс көлемінде 1 млн астам халық тұратын болса, шамамен 6732 астам аурулар бізде «Д» есепте тұрады, жылына  7000 астам науқас ем алады, жыл санап ем алушылар саны артып келеді.

-Қазіргі таңдағы онкологиялық аурулар туралы әлемдік, республикалық және қалалық статистика туралы бөліссеңіз.

       -Әлемдік статистикаға көз жүгіртсек, жылына 14,1 млн астам онкологиялық науқастар жаңадан тіркелсе, бір күнде 38 630 науқас анықталады екен. Ал  8,2 млн онкологиялық науқастар қайтыс болса, бір күнде 22 466 онкологиялық науқас қайтыс болады. Онкологиялық ауру-лардың  таралымы ең жоғары АҚШ  318 (100 000 халыққ а шаққанда), Канадада  295,7, Италияда 278,6, Евроодақта 273,5  болса, ең жоғарғы өлім Россияда 117,1(100 000 халыққ а шаққанда), Евроодақта 109,4, АҚШ 105, Канадада 103,2 жеткен.

       Қазақстан Респуликасында жылына 36 865 онкологиялық науқастар жаңадан тіркелсе, бір күнде 101 науқас анықталады екен. Ал  15330 онкологиялық науқастар қайтыс болса, бір күнде 42 онкологиялық науқас қайтыс болады. Біздің қаламыз, республикада осы екі көрсеткіш бойыншада ең төменгі орында болып саналады.

 

-Қалалық онкологиялық орталықта (ҚОО), онкологиялық қызметтің индикатор-лары барлық деңгейдегі әкімдердің рейтингіне әсері және орындалу қалай?

 

Рейтингте онкологиялық қызметтің сапалы бес көрсеткіші атап көрсетілген. Атап, айтқанда:

  1. Онкологиялық аурулардың бірінші сатысында анықталу пайызы (жоғарылауы тиіс);
  2. Онкологиялық аурулардың сырт көріністі орналасуында үшінші және төртінші сатысында анықталу пайызы (төмендеуі тиіс);
  3.  Онкологиялық аурулардың жалпы өлімі (төмендеуі тиіс);
  4. Онкологиялық аурулардың 5 жыл және одан артық өмір сүруі ( жоғарылауы тиіс).

 

 

     - 2021 жылдың жылдық қортындысы бойынша, берілген Кешенді жоспардың Жол картасының 11 индикаторы толық 100 пайызға орындалды, Қазақ ОжР ҒЗИ қортынды жылдық жиынында баяндалып, иституттың басшылығы орталықтың жұмысына жоғары баға беріп, Республикада алдыңғы үштікте екендігін атап көрсетті. Ал, биылғы нәтиже қалай?

 

2022 жылдың 3 айлық қортындысы бойынша барлық индикаторларда оң нәтижеге қол жеткіздік, атап айтқанда:

1.  Онкологиялық аурулардың бірінші сатысында анықталу индикаторлық  2019 жылға берілген меже 16,6 пайыз болса, 2022 жылдың 3 айында 24,0 пайыз, межеден 8,7 пайызға артық;

2.  .        Онкологиялық аурулардың сырт көріністі орналасуында үшінші және төртінші сатысында анықталу индикаторлық  2022 жылға берілген меже 15,7 пайыз болса, 2022 жылдың 3 айында 13,2 пайыз, межеден 2,5 пайызға төмен;

3.  Онкологиялық аурулардың жалпы өлімі индикаторлық  2022 жылға берілген меже 79,3 – 100 000халыққа шаққанда болса, 2022 жылдың 3 айында 40,6 -100 000 х.ш, межеден төмен;

4.  Онкологиялық аурулардың 5 жыл және одан артық өмір сүруі индикаторлық  2022 жылға берілген меже 47,6 пайыз болса, 2022 жылдың 3 айында 51,5 пайыз, межеден 3,9 пайызға артық;

5.  Жатыр мойны рагінің скринингдегі цитологиялық зертеулер жүргізу кезінде катерлі ісік алды аурулары 2022 жылға берілген меже 1,0 пайыз болса, 2022 жылдың 3 айында 1,4 пайыз, межеден 0,4 пайызға артық;

6. Коло-ректальды рагінің скринингдегі тексеру жүргізу кезінде катерлі ісік алды аурулары 2022 жылға берілген меже 23,0 пайыз болса, 2022 жылдың 3 айында 44,6 пайыз, межеден 21,6 пайызға артық.

Жалпы Кешенді жоспардың 11 индикаторы 2022 жылыдың 3 айында, толық 100 пайызға орындалды.

 

 

 

-Кейінгі кезде онкологиялық диагноз өлім туралы үкім емес деген сөзді көп естиміз. Бұл медицинаның жетістігі деп айта аламыз ба?

 

          -Қазіргі таңда, азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтасты­ғы тетігін енгізуді ескере отырып, ден­саулық сақтау жүйесін да­мы­ту қолға алынған. Атап айтқанда,  медициналық санитарлық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде атқарылып жатқан іс шаралар, соның ішінде скринингітік және жалпы профилактикалық тексерулер өз жемісін беруде, жасыратыны жоқ, тек қана онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтап қоймай, басқа да ісік алды аурулармен созылмалы ауруларды анықтап, оларды емдеп, сауықтырудың жемісі.

           Қазіргі кезеңде онкологиялық ауруды емдеу үшін  жаңа технологиялар  енгізілуде.  Мүшесақтау операциялары, толық қанды  лимфодиссекциялау  барлық мүшелерге жасалуда,   қуықтың ісіктеріне ТУР аппаратын пайдалану,  төмен орналасқан тік ішек қатерлі  ісігін алуда циркуляры аппараттармен тігу. "GATS" реинфузиялық аппаратын қолдану.

 1. 2018 жылдан бастап аналық без, кеуде және құрсақ қуысы ісіктері кезінде лапароскопиялық операциялар толық игерілді және енгізілді.

2. 2020 жылдан бастап аяқ-қол сүйектерінің эндопротезі толық игерілді және енгізілді.

3. Торакоабдоминальді хирургия бөлімшесінде өңеш қатерлі ісігі кезінде операциялардың толық көлемі – асқазан сабағының және тоқ ішек сегментінің бірмезгілді пластикасымен өңешті экстирпациялау жүргізіледі. Асқазан обырындағы радикалды операциялар-ұйқы безінің, бауырдың және көлденең ішектің резекциясымен кеңейтілген біріктірілген гастрэктомия жасалуда.

4. 2013 жылдан бастап күнделікті практикаға гепато-панкреато-билиарлы аймақтың қатерлі ісіктері - бауыр обыры кезіндегі бауыр резекциясы – стандартты және кеңейтілген оң жақты, сол жақты гемигепатэктомия және бауырдың орталық резекциясы кезінде операциялардың барлық түрлері енгізілді. Ұйқы безінің қатерлі ісігінде - стандартты асқазан-панкреато-дуоденальды резекция, ұйқы безінің дистальды резекциясы жасалуда.

5. Бүйректің үлкен ісіктерінде кеңейтілген нефруретерэктомия енгізіліп, төменгі үлкен көк тамырдың ісік тромбасын алып тастайды.

6. Сүт безі обырында бір мезеттік пластикалық операциялар – силиконды эндопротезбен бір мезеттік маммопластикамен радикалды мастэктомия толтырылады.

7. Жоғарыда аталғандардың барлығы бір клиника шеңберінде онкологиялық науқастарды түбегейлі емдеуге және пациенттерге жоғары технологиялы медициналық көмек (ЖТМК) шеңберінде орындалатын қатерлі ісіктерді емдеудің заманауи хирургиялық әдістеріне кең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осының барлығы онкологиялық науқастарды мамандандырылған емдеумен қамту бойынша онкологтардың алдына қойылған міндеттерге қол жеткізуге және науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

8. Пациенттерді емдеуде бас ми тамырларына  артерияішілік химияинфузия әдістемесі жүргізіледі. Бронх артерияларының эмболизациясы. Жоғары дозалы иммунотерапия және жоғары дозалы химиотерапия (дозаны эскалациялаумен), қатерлі лимфомаларды, өкпе обырын және тоқ ішек обырын емдеуде жаңа таргеттік препараттарды қолдану енгізілді және жүргізілуде.

9. ҚОО – да құрылған эндоваскулярлық онкология бағыты химиотерапия бөлімшесінің құрамында қазіргі заманғы интервенциялық әдістерді пайдалана отырып, онкологиялық науқастарды емдеу үшін Қазақстанның онкологиялық мекемелерінің арасында жалғыз болып қалады, онда ҚР басқа облыстарынан және басқа республикалардан (Ресей, Өзбекстан) науқастар жоғары мамандандырылған ем алады.

10. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қатерлі ісіктерде иммунотерапиясы сәтті енгізілді (тоқ ішек обыры, өкпе обыры, қуық обыры, асқазан обыры кезінде) 15-тен астам науқас емделді. 2021 жылы бауыр обыры кезінде иммуно-таргеттік терапия сәтті басталды, 3 науқас емделді.

11. 2021 жылы республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференциялар журналдары мен жинақтарында 25-тен астам мақалалар мен тезистер, оның ішінде РФ ЖАК журналдарында 4, индекстелетін SCOPUS журналында 1 жарияланды.

12. 2021 жылы бөлімше қызметкерлері 2 съезд және 2 ғылыми-практикалық конференция мен семинар жұмысына, барлық 6 іс-шараға халықаралық қатысумен 2 ғылыми форум жұмысына қатысты бірнеше баяндама жасады.

13. 2021 жылдан бастап МО күнделікті тәжірибесіне УДЗ бақылау бойынша бауырдың ҚІ радиожиілікті термоаблациясы әдістемесі енгізілді.

14. 2020 жылы ҚОО химиотерапевтері ҚІ терапиясына дербестендірілген (дербестендірілген) тәсілді бастады, FMI (Foundation Medicine Inc) қолдану практикасына енгізілді – 2021 жылы сәтті жалғастырылатын кешенді геномдық пішіндеу – 5 науқас тексерілді және дербестендірілген емдеу басталды. Жалпы 2020-2021 Ж.Ж. осы зерттеуді МОО 22-ден астам пациенті өтті.

15. 2021 жылы Шымкент қаласының халқына онкологиялық көмек көрсетуді іске асыру және одан әрі дамыту шеңберінде МО-да "Филлипс"заманауи биплан ангиографы сатып алынды және орнатылды. Химиотерапия  бөлімшесі үшін жаңа "LOGIC"УДЗ аппараты сатып алынды.

16. 2012 жылдан бастап. химиотерапия және эндоваскулярлық онкология ҚОО онколог дәрігерлер мен ангиохирургтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізу үшін ОҚМА үздіксіз даму факультеті (ФНПР) онкология курсы бар хирургиялық пәндер кафедрасының базасы болып табылады (курстар Ангиохирургия (Онкологиядағы рентгенохирургия) бойынша біліктілікті арттыруды қамтиды – 216 сағат; онкологиядағы инновациялық технологиялардың екі апталық циклы (гепатоцеллюлярлық карциноманы емдеу, химиоэмболизация және т. б.).)- 108 сағат).

17. ОҚМА және ХҚТУ резиденттері практикадан сәтті өтіп, білім алуда. Қ. А. Ясауи.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы ХТж Э бөлімшесі қызметкерлерінің кәсіби өсуіне ықпал етті, сондай-ақ Шымкент қ. және ҚР басқа өңірлеріндегі онкологиялық науқастарға ЖТМК қоса, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартты (2021 жылы 550 эндоваскулярлық ота жасалды, оның ішінде ЖТМК бойынша – 146), мысалы: өкпе обырымен ауыратын науқастарда ВАПХТ-дан кейін 7-11 сатыға% 5 жылдық және 14 жылдық өмір сүру деңгейі 10% - ға өсті. Жатыр мойны обырындағы химиоэмболизациядан кейін процестің тиімділігі 55-58%-ға, 32-36%-ға, 3 және 5 жылдық өмір сүру деңгейі артты. Бауыр обырындағы химиоэмболизациядан кейін бір жылдық өлім-жітім 39% - ға төмендеді, жалпы өлім-жітім 2,5 есе азайды (100 000 тұрғынға шаққанда 5,4-тен 2,5-ке дейін) және науқастардың үш жылдық өмір сүру деңгейі 50% - ға өсті (2021 жылға қарай ГЦК-мен ауыратын науқастардың 3 жылдық өмір сүру деңгейі 37%, бес жылдық өмір сүру деңгейі 29,5% - ға жетті).

18. 2022 жылы Мемлекеттік және жеке кәсіпкерлікпен серіктестік аясында,    орталыққа заманауи  Ядролық медицналық орталығы ұйымдастырылып жатқандығын, соның ішінде Позитрон-эмиссиондық томография  (ПЭТ)  және КТ құралы және жоғары дәлдікті сызықтықтық сәулелік үдеткіштікті сәулелік емдейтін құралдары алынып, осы жылдың III тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда.

 

              

-Мемлекеттік бағдарламалар аясында онкологиялық қызметтер қандай жүйеде жұмыс атқаруда?

-Бірінші деңгейде бастапқы медициналық санитарлық көмек қарастырылады және атқарылған іс шараларының нәтижесін бақылау үшін екі индикатор берілген, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде бірінші сатысында анықталу үлесін ұлғайту, екіншісі сырт көріністі орналасуында үшінші және төртінші  сатыларындағы анықталу үлесін төмендету керектігі. Екінші деңгей, бұл облыстық онкологиялық диспансердің құзырына жатады, анықталған науқастарды «Д» есепке алып, оларға арнайы ем жүргізу керектігі,  жоғарыда көрсетілген индикаторлық  көрсеткіштерге қоса, онкологиялық жалпы өлімнің үлесін төмендету және науқастардың 5 жыл және одан артық өмір сүруі үлесін ұлғайту саналады. Үшінші деңгейде, анықталған науқастарға жоғары технологиялы медициналық көмек (ЖТМК) жүргізіледі, бұл онкологиялық диспасерлер мүмкіндігі болса, Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында жүргізіледі, 2021 жылға біздің орталықта 167 науқасқа ЖТМК жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар бағдарламасында онкологиялық көмекті жетілдіру және орталықтарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған. Осы бағдарлама аясында мемлекет қаржысына көптеген заманауи құрылғылар алынып, нәтижесінде Шымкент қаласы, Түркістан облысында бұрын соңды жасалмаған күрделі операциялар қолға алынып отыр. Соңғы 3 жыл ішінде алғаш рет кеуде қуысы, өкпе, өңештің қатерлі ісігіне тіліксіз, яғни лапароскопиялық әдіспен ота жасалды. Бұған дейін бұл әдіспен жамбас қуысы қатерлі ісігі, тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісіктері емделіп келген. Биыл, сондай-ақ, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, науқастарды емдеу үшін былтыр бері орталық базасында 5 шеберлік дәрісі өткізілді. Оған республиканың жетекші онколог-дәрігерлері шақырылып, емдеу ісіндегі тәжірибелерімен бөлісті.

-Онкологиялық қызметті жақсарту үшін орталықта қандай мәселе қолбайлау болып отыр?

-Бірінші, орталықты керекті құрал жабдықтармен қамтамассыз ету, ерте кезеңде анықтау және онкологиялық ауруларға көрсетілетін арнайы ем және жоғары технологиялы медициналық көмектің сапасын арттыру үшін, жаңарту  керек. Екінші, бұл бастапқы медициналық санитарлық көмек деңгейіндегі іс шараларды жандандыруымыз қажет, осы жерде Ел басымыз атап көрсеткендей азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтасты­ғы тетігін енгізуді ескере отырып, ден­саулық сақтау жүйесін да­мы­ту қолға алынған. Атап айтқанда, БМСК деңгейінде атқарылып жатқан іс шаралар, соның ішінде скринингітік және жалпы профилактикалық тексерулер және аудан, қала онкокураторлары, мониторингтік және бақылау топтарының жұмыстарын жандандыруымыз керек.

-Онкологиялық ауруға шалдыққан адамға ең бірінші қандай көмек, қандай кеңес бересіздер?

Онкологтың алдына еріккеннен ешкім келмейді. Бәрі күдікпен келеді. Мен дәрігерлерге үнемі айтамын. Кез-келген пацент келгенде оған психологиялық демеу беру керек.  Диагноз қойылмай жатып, нақты бір нәрсені кесіп айтуға болмайды. Бұл өзі үрей құшағында тұрған емделуішінің жағдайын асқындырып жіберуі мүмкін. 100 пайыз диагноз қойылған соң ғана сырқатқа шалдыққаны жайлы айту керек. Психологиялық кеңес берілуі қажет. Сонда ғана емделуге ұмтылады. Науқас өмірмен күресу қажет.

         Қатерлі ісіктен құлантаза айығу­ды армандаған адамның күдігі күшей­генімен, үміті үзілмейтіні белгілі. Алайда ауру бар болған соң, оның алдын алу ісі де бар екенін қаперден шығармаған жөн. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген» дұрыс-ақ. Былтыр қарашада Қазақстан халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты жаңар­тылып, соның шеңберінде 2022 жыл­дан бастап «Жасыл дәліз» енгізілді. Бұл қадам адамдардың қатерлі ісікке де­ген күдігі кезінде пациенттерді тексе­ру уақытын қысқартуға мүмкіндік бере­ді. Қатерлі ісік диагнозын қою кезін­де пациенттердің диагностикалық қыз­меттерге қолжетімділігін арттыруға, пациенттің бағыты бойынша мерзім­дерді сақтауға көп көңіл бөлінеді. Мә­се­­лен, мамандардан кеңес алу және амбу­латориялық жағдайда қатерлі ісікке күдікті пациенттерді тексеру «жасыл дәліз» бойынша – жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс, он сегіз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

-Онколог мамандар сыртқатты дер кезінде анықтаудың маңыздылығын үнемі айтып келеді. Бұл тұрғыда орталықта қандай шаралар атқарылуда?

-Қорыта айтқанда, онкологиялық қызметті жақсартудың және мемлекттің қаржысын үнемдеудің жолы, бұл брінші халқымыздың әлуметтік жағдайын көтере отыра, сапалы аз мәзірі, таза ауыз су, таза қоршаған ортаны қалыптастыру, созылмалы және қатерлі ісік алды ауруларды ерте кезеңде анықтау, сауықтыру болса, екінші ҚР әр азаматының өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыра отыра, салауатты өмір салтын қалыптастыру, үшінші мемлекетіміз тегін өткізіп отырған скринингтік тексерулерден сапалы шынайы түрде өту, төртінші қауіпті инфекцияларға қарсы вакцинация немесе екпе жұмыстарына халық арасында үгіт-насихат жүргізу, бесінші қатерлі ісік анықталған күннің өзінде, ертерек арнайы ем алуға ұмтылу, тәуіп- емшілерге сандалып уақыт жоғалтпай. Бұл жерде қосарымыз, қатерлі ісіктің 1-2 сатысында анықталса, 80-100 пайыз айығып кетуіңізге кепілдік мамандар бере алады, мемлекет 350 мыңнан 5 млн қаражат жұмсаса, ал 3-жерде қосарымыз, қатерлі ісіктің 1-2 сатысында анықталса, 80-100 пайыз айығып кетуіңізге кепілдік мамандар бере алады, мемлекет 350 мыңнан 5 млн қаражат жұмсаса, ал 3-жерде қосарымыз, қатерлі ісіктің 1-2 сатысында анықталса, 80-100 пайыз айығып кетуіңізге кепілдік мамандар бере алады, мемлекетіміз бір науқасқа 350 мыңнан 5 млн қаражат жұмсаса, ал 3-4 сатысында ем ұзақ мерзімге созылады, бір науқасқа 25 млн астам қаражат жұмсайды. Алтыншы Міндетті әлуметтік медициналық сақтандыру қорын ұйымдастырудың тиімді және де пайдалы екендігін халыққа түсіндіру, үгіт насихат жүргізу. Сондықтан, «Аурып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде» деген ата-бабамыздың ұлағатты мақалдарын ұстануымыз керек, ол үшін жоғарыда айтылған кеңестерді есте ұстап, дер кезінде орындағанымыз абзал деп ойлаймын!

 

Онкологиялық орталықтың тағы бір жетістігі — химиятерапия және эндоваскулярлы хирургия бөлімінің жұмысы. Мұнда бауыр, бас-мойын ісіктеріне эндоваскулярлы ота жасалуда. Эндоваскулярлы ота ісікті тілмей, сан артериясы арқылы ісікті қанмен қоректендіріп отырған тамырларды тауып, катетрлермен ісікке қарсы дәрі-дәрмекті енгізу арқылы емдеуге мүмкіндік береді. Бұл заманауи емдеу әдісі дәстүрлі емдеуге қарағанда адам ағзасына қауіпсіз, әрі дәрілер тамырмен тікелей қатерлі ісікке ғана әсер етеді екен. Бүгінде орталыққа эндоваскулярлы ота жасату үшін Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан да науқастар келіп жатады.

-Сырқатты анықтауда заманауи құрылғылардың алар орнын айтпасақ та баршаға аян. Онкологиялық орталықта мұндай мүмкіндіктер қарастырылған ба?

-Қатерлі ісікті алғашқы кезеңінде анықтауда заманауи жабдықтардың алатын орны ерекше. Сондай-ақ, жыл соңына дейін эндоваскулярлы операциялар санын арттыру үшін қала бюджетінің есебінен заманауи ангиограф аппаратын орнату жоспарлануда. Бұл аппарат іске қосылған соң, біздің жұмысымыздың саны да, сапасы да артатыны сөзсіз.

Шымкент қалалық онкологиялық ауруханасының тағы бір жетістігі —мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «МедИнвестГрупп» компаниясы мен Шымкент қаласы әкімдігінің келісімшарты негізінде «Ядролық медицина» орталығы құрылмақ. Онда позитронды эмиссионды томограф (ПЭТ КТ) аппараты орнатылады. Бүгінде аурухана базасындағы радиологиялық бөлімнің ғимаратына инвестордың көмегімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы орталыққа бейімделіп жатыр. Орталықтың ашылуы 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Мамандардың айтуынша, бұл Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан кейін ашылып отырған үшінші орталық.
         — МРТ, КТ аппараттары, өкінішке орай, қатерлі ісіктің толық сипаттамасын бере алмайды. Ал, ПЭТ КТ аппараты қатерлі ісіктің кез келген түрін бастапқы сатыда анықтап, оның таралу деңгейін зерттеуге мүмкіндік береді. Мәселен, бүгінгі онкологиялық ахуалды осыдан 10-15 жыл бұрынғы жағдаймен салыстыруға мүлде келмейді. Себебі, біріншіден, дертті ерте анықтап жатсақ, екіншіден заманауи құрылғылар мен білікті дәрігерлердің көмегімен жүргізілген ем нәтижесін жақсартуға қол жеткіздік. Бұл тұста скринингтік тексерудің де маңыздылығын атап өткен жөн. Сол арқылы сүт безі, жатыр мойны, тік ішек пен тоқ ішек қатерлі ісіктерін ерте анықтау мүмкіндігі туып отыр.

Бүгінде онкологиялық аурухана хирургтері Париж, Улан-Батор қалаларында гепатобилярлы хирургия (бауыр, ұйқы безі аймағының хирургиясы) бойынша біліктілік арттырып келген. Сондай-ақ, өткен аптада ангиохирург Д.Арыбжанов бастаған дәрігерлер Ресейдің Грозный қаласында эндоваскулярлы хирургия тақырыбында өткен байқауда ТМД елдері арасында 1,2,3 орынды иемденіп отыр.

 

-Аты жаман аурудың алдын алу үшін қандай қағиданы ұсынасыз? Сырқатсыз өмір сүрудің қарапайым формуласы қандай? 

– Латында «канцерогенез» деген сөз бар, мұндағы «канцер» «қа­терлі ісік» деген мағынаны берсе, «генезис» – «пайда болу» деген сөзді біл­діреді. Қатерлі ісіктің «қайнар көзі» – нашар экология. Қалалар өсіп, ауаны ластайтын өндіріс ошақтары көбейген сайын ісік аурулары да етек жая бастайды. Канцероген дегендер зауыт түтіндерінде, бояғыш заттарда да мол болады. Әсіресе, бояғыштардан келетін қауіп зор: олар сыртқа бүйрек түтікшелері арқылы шығатындықтан, қуық қатерлі ісігін тудыруы әбден мүмкін. Шылым мен улы түтіндер де – канцерогендер. Бұлардың кесірінен өкпе рагы туындайды. Күйген майға піскен, қатты қуырылған, шамадан тыс тұзды тамақтар да өз кезегінде асқазан қатерлі ісігін тудыруға себепкер болады. Сөз соңында айтпағым, әр адамның денсаулығы – баға жетпес қазынасы. Сайып келгенде, дерттің дер кезінде алдын алу әркімнің қасиетті боры­шы. Ал аурудың ішіндегі ауыры – қатерлі ісікке қарсы тұру үшін біз­дің санамызға есен-саулығымызға сақ­тықпен қарауға үндейтін үлкен сіл­кініс керек. Мемлекет басшысы өзінің «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында денсаулық сақтау саласын медици­налық қызметтің сапасын арттыру бойынша соны реформа, үлкен өзгерістердің күтіп тұрғанын атап өтті. Біз өз тарапымыздан бұл бас­тамаларды қолдаймыз және бар мүм­кіндікті салып үлес қосуға әзірміз.

- Бұдан бұлай онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың шекара асып шетелге сандалмауына да бола ма?

-Елімізде радиациялық терапия дамып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда томо­терапияның 2 бірегей орталығы жұмыс істейді. Онда ересектер мен балаларға жоғары технологиялық сәулелік терапия көрсетіледі. Сондай-ақ 7 өңірде жоғары технологиялық желілік үдеткіштер орнатылды. Тағы 3 үдеткіш биыл іске қосылады. Соның бірі біздің қаламызда.  Бұған қоса, былтыр Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы іске қосылды. Онда Қазақстанда алғаш рет қалқанша без обырын және тиреотоксикозды емдеу үшін радийодтерапия енгізілді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Ж.Сейтмаханбет

 

 

 

0 пікір