ЖАҢАРТЫЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫ – БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙДЫ
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫ – БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙДЫ
11.09.2025 17:20
56
0

Тұран ауданында балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен көңілді демалысы – әрдайым басты назарда. Осы бағытта «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мангельдин көшесі, 46 мекенжайындағы балалар ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама аудан тұрғындарының, әсіресе балалар мен олардың ата-аналарының көңілінен шыққан маңызды әлеуметтік нысан ретінде қарастырылады.

Жөндеу жұмыстары барысында ескірген құрал-жабдықтар жаңартылып, заманауи үлгідегі жаңа ойын элементтері орнатылды. Алаң толық абаттандырылып, сырғанақтар, әткеншектер, баланс тақталары және спорттық құрылғылар орналастырылды. Балалардың қауіпсіздігі ерекше назарға алынды: алаңға жұмсақ төсеніш төселіп, барлық жабдықтардың техникалық жарамдылығы тексерілді. Бұл – балалардың ойыны кезінде жарақат алу қаупін азайтып, ата-аналардың алаңсыз болуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Жаңартылған алаң аудан тұрғындарының сүйікті орнына айналды. Кешкі және демалыс күндері балалардың шат-шадыман күлкісі мен қуанған дауыстары естіліп, бұл ата-аналардың да ризашылығын тудырады. Тұрғындардың пікірінше, мұндай сенбіліктер балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Жаңартылған ойын алаңдары балаларға спорттық дағдылар мен әлеуметтік қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызады, бұл олардың жан-жақты өсуіне септігін тигізеді.

Балалар өз қуаныштарын жасырмай, жаңартылған алаңда ойнағаннан кейін шынайы алғыстарын білдірді. Олар сырғанақпен сырғанап, әткеншекте тербеліп, бір-бірімен ойнап, көңілді уақыт өткізуде. Бұл – тек бір алаңның ғана жаңаруы емес, тұтас ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Мұндай бастамалар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

«Тұран» КММ ұжымы алдағы уақытта да аудан аумағында балалар мен жастар үшін қолайлы жағдай жасауға, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуге ерекше көңіл бөлетінін хабарлады. Жаңартылған ойын алаңы – тек балалар үшін ғана емес, олардың отбасылары үшін де қуаныш көзі. Ата-аналар үшін ең бастысы – балаларының қауіпсіз, таза әрі бақытты ортада өсуі, ал осындай алаңдар дәл осы мақсатқа қызмет етеді.

Аудан әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің күш-жігері арқасында балалар ойын алаңдарының жаңартылуы – тұрғындарға берілген үлкен әлеуметтік қолдау және балалардың дұрыс әрі қауіпсіз орталықта дамуы үшін жасалған маңызды қадам болып саналады. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын тауып, Тұран ауданының әлеуметтік-инфрақұрылымы тұрақты түрде жетілдірілетін болады.

 

0 пікір