ЖАҢАТАЛАП САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛУДА
ЖАҢАТАЛАП САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛУДА
18.09.2022 23:59
44
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған dabylinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Былтыр елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтылған болатын. Ендігі кезек сапалы электр қуатында.
«Жаңаталап» подстанциясы құрылысының 90% аяқталған.
Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42,2 шақырымға электр желілері тартылуда, аяқталу мерзімі — қазан айының соңына жоспарланған.
Шаһар басшысы ауыл ақсақалдары мен қоғам белсенділеріне құрылыс жұмысымен қатар абоненттеу жұмыстарының жүргізілуіне жергілікті тұрғындарды жұмылдыру керектігін айтып өтті.
— Абоненттеу, ескі жүйені жаңа жүйеге қосуға да уақыт кетеді. Сондықтан құжаттарды қазірден бастап дайындауға кірісіңіздер. Ал жұмыстың мерзімінде және сапалы орындалуы біздің бақылауымызда,-деді әкім.
Бұдан бөлек биыл 2 көше, атап айтқанда 1,5 шақырымды құрайтын Жұманов және Айдарқұл көшелеріне жарық орнатылуда. Әзірге жұмыстың 20%-ы орындалды.
Сонымен бірге, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүріп жатқан «Igilik Park» тұрғын үй кешеніне барып, жұмыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда 12 000 шаршы метрлік 200 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйге кәріз жүйесі мен су құбыры 95%-ға тартылып, электр желісі жүргізілуде.
-Халықтың сұранысы сапалы су, жарық және кәріз жүйелері. Бір рет жасалған жүйе ұзақ жылдар қызмет етуі керек. Сондықтан да сапаға аса мән беру керек»-деді қала әкімі тиісті сала өкілдерімен кездесу барысында.
Айтып өтейік, «Igilik Park» кешеніндегі пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алуға болады.
Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылуда.
0 пікір