ЖАСТАР ЖАҢА ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
ЖАСТАР ЖАҢА ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
17.03.2022 10:57
156
0
Жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді жастары және орталық мамандары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын тыңдады.
Президент Наурыз мейрамы алдында жолдаған Жолдауында жақын күндері жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады. Саяси құжатта жаңа президенттік модел қалыптастыру, өкімді билік тармағын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия системасын дамыту, сайлау үрдісін жаңарту, әділетті ашық сайлау үрдісін енгізу, құқық қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестік қабілетін арттыру, еліміздің әкімшілік аумақтық жүйесін құру, жергілікті өзін-өзі басқару және конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері жастарды серпілтті.
Сонымен бірге, жастарды әсіресе, мемлекет басшысының Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының жаңадан ашылуы, Қапшағай қаласына болашақта Д.Қонаев есімін ұсынса, қабылдайтыны қуантты. Сондай-ақ, жаңа Жолдаудағы көтерген бастамалары өте батыл екендігі, сол арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдары арқылы жаңа Қазақстан құру жоспары жастарды қызықтырды.
Жолдаудан соң, жиналған жастар мемлекет басшысының халықтың көңілінен шығатын, елдің болашағы үшін жаңа белестерге жетелейтін бастамалары бар Жолдауды қолдайтындықтарын білдіріп тарқасты.
0 пікір