ЖАЗА БАСҚАННЫҢ БӘРІ ЖАМАН АДАМ ЕМЕС
ЖАЗА БАСҚАННЫҢ БӘРІ ЖАМАН АДАМ ЕМЕС
31.05.2024 05:29
23
0

Бүгінгі таңда қоғамның маңызды мәселелерінің бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеу, жұмысқа орналастыру және олардың әрі қарай қоғамға сіңісіп кетуі. Айта кеткен жөн, еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне аса көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ әлемдік тәжірибеде бұл қызмет кеңінен қолданылады.

Сондай-ақ бірқатар дамыған елдерде пробация қызметі үлкен жүйеге айналып үлгерген. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған аза­маттарға әлеуметтік-құқықтық қыз­мет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация осы бағытқа дәл келеді. Негізінен пробация сөзі қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді екен. Яғни сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша, байқаусызда заң бұзған адамдар болса, оларды бірден абақтыға жаппай, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Ал пробация қызметі ондай жандарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, шешуге ықпал жасайды.

Пробациялық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі – ел арасында қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.

Осыған орай былтыр аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтарды әлеуметтендіру мақ­са­тында аудандық жастар ресурстық ор­талығымен ынтымақтастық ме­мо­рандумы аясында бірқатар жұмыс­тар атқарды. Атап айтсақ, проба­ция есебіндегі 29 жасқа дейінгі аза­маттардың білім алуына, мамандық игеруіне, кәсіп ашумен қатар, жұмысқа да орналастырған. Сонымен қатар қажеттілікке қарай құқықтық, пси­хологиялық көмек түрлерін көр­сеткен. Бұл көмектердің пробация есебіне алынған сотталғандардың түзелу жолына түсіп, қоғамға, еңбекке тез араласып кетуіне септігі мол.

Бұл қамшының сабындай қысқа өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ең бастысы сол істеген ісінен сабақ алып, қайталап қателікке бой алдырмау керек. Сондай-ақ, бізде есепте тұратын азаматтардың ішінде қателігінен сабақ алып өмірге деген құлшысы артқан азматтар жетерлік. Пробация қызметі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға қатысты өз қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі жағдайлармен қателікке жол беріп, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам психологиялық  дағдарысқа ұшырайды. Осы кезде осындай тұлғаларды қоғамнан шеттетпей, оларды барынша қоғамға қайта бейімдеп, оң мінез- құлқын қалыптастырып, әлеуметтік- құқықтық көмек көрсететін  әрине пробация. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түрмеге тықпай, қоғамға бейім­делуіне мүмкіндік беру. Ал пробация қызметі ондай жандарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, шешуге ықпал жасайды.

Яғни, пробация қызметі қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз етуімен қатар, сотталғандардың әлеуметтік- құқықтық көмек алуына жәрдем көрсетеді. Пробацияның мақсаты - күдіктілердің, айыпталушылардың мінез-құлқын түзету, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, түрмеден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу.

Пробация инспекторлары қарамағында қанша жазасын өтеуші тұрса, сонша адамның жеке істерін сот үкіміне сай жүргізеді. Олардың сот үкімі бойынша жүктелген міндеттерді тиісті орындауын, қайта қылмыс жасамауын қадағалап, пробациялық бақылауды жүзеге асырады. Есептегі азаматтар бос уақыттарында, әсіресе түн мезгілінде үйден шықпауы тиіс. Егер де өз еркімен тұрғылықты мекенжайын ауыстырып, басқа қалаға көшіп кетіп, қасақана сот үкімін орындаудан жалтарғандарға қатысты бастапқы іздестіру іс- шаралары жүргізіледі. Солардың нәтижелері бойынша сотқа жыл басынан 55 сотталғанның  іс-құжаттары  жолданды. Оның ішінде 25 сотталған  сот шешімімен түзеу мекемесіне қалған жазасын өтеу үшін жіберілді. 18 сотталғанның ісі сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылды. Ал қалған сотталғанның іс-құжаттары сот  өндірісінде.

Пробация қызметі психологиялық тұрақтылықты арттыруға, психологиялық денсаулықты сақтауға және сотталғандардың теріс көріністерін болдырмауға бағытталған іс-шараларды үнемі жүргізіп отырады. Пробация қызметінде есепте тұрған соттталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады.

Әлеуметтік – құқықтық көмектің  бірі- есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Осы ретте, 30.05.2024ж. Түркістан қаласының прокуроры К.Нәрікбаев пробация қызметі есебінде тұратын сотталғандарды жеке қабылдады. Прокурор есепке алынған тұлғалардың әлеуметтік жағдайларымен танысып, тұрақты жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қамсыздандыру жағдайына аса көңіл бөлу қажеттігін және қайта қылмысқа барудың салдарын түсіндірді.

Жеке қабылдауда Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Түркістан қалалық мансап орталығы, қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,  пробация қызметінің жауапты өкілдері қатысты.

Пробация, Мансап орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және жауапты прокуратура қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді.

Пробация қызметінің есебіндегілер осылайша қоғам өміріне бейімделіп келеді. Бүгінде олар жасаған қателіктерінен сабақ алып, кейбіреулері отыз күн ораза ұстап, ниеттерін түзеуде. Пробация қызметінің есебінде тұрған осы және өзге де азаматтардың түзеліп, қоғамдағы қалыпты жандардың біріне айналарына берік сенім білдіреміз. Бұл – тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олар түзеліп, қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенім бар. Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет екені анық.

         Пробацияның   идеясы – «түрме  тұрғындарын» азайту, қылмыскерді  бас  бостандығынан  айыру   немесе  жазасын  қысқарту   мүмкіндігін  беру. Бұл  сынақ  сот  жүктеген  міндеттер  арқылы:  жәбірленушіге   өтемақы  төлеуге   және  оны  қоғамдық  кешірімге  әкелуге, әлеуметтік маңызы  бар  обьектілерде  тегін  жұмыс  жасауға, емделуге, алкогольді  ішпеуге, белгілі  бір  қызметке  қатысуға  тыйым  салынады.  Бұл  заң   белгілі   бір  уақытта  үйден  шықпастан, сынақтан  өтіп, жаза  мерзімін  өтеуге  мүмкіндік  береді.          Біз  өз  тәжірибемізді   тереңірек  зерделеп, заңдылықты  түзетіп, ой-санамызды,  құқықтық  мәдениетімізді,  мемлекеттік   және  әлеуметтік   құрылымымызды  ескере  отырып, үздік  әлемдік  үлгілерді  енгізуге  ұмтылдық. Қазіргі  таңда   пробация   қызметкерлері  сотты  болған  адамды  отбасынан, туыстарынан  ажыратпай, оның  бойынан  қоғамды сыйла, заңға бағыну  т.б.  жақсы  мінез- құлқы  қалыптастырып, қайта  бейімдеу  жұмыстарын   жүргізеді. Мұның  азаматқа, жалпы  келер  ұрпаққа  тиер  пайдасы  мол. Қазақстан Республикасының  заңнамасында  белгіленген  жеңілдіктер мен  әлеуметтік   төлемдерді  алу, яғни  ол  мыналар  әлеуметтік-психологиялық  және  психологиялық  консультация   беру, тараптардың өзара  келісуі  жағдайында  отбасылық   және  өзге  де  әлеуметтік  байланыстарды  қолдау жүйесін  қалпына  келтіру және қалыптастыру, оңалту іс-шараларын  ұйымдастыру  мәдени  іс-шараларға   қатысуға  тартуда, әлеуметтік-құқықтық  мәселелер   бойынша  консультациялар  ұсынуды қамтитын  әлеуметтік-тұрмыстық  бейімдеу  арқылы  қамтамасыз  ету.

Осы  кезекте  азаматтар, қоғамдық  бірлестіктер  және  өзге  де  заңды  тұлғалардың  пробацияны  жүзеге   асыруға  мүмкіндіктері  бар  екенін  баса  айтқан  жөн. Олар  пробация  қолданылатын  адамдарға   әлеуметтік-құқықтық  көмекті  ұсынуға  ерікті  түрде жәрдемдесу  арқылы  мынадай   нысандарды  іске  асыра  алады: пробация қызметінің  есебінде  тұратын  адамдарға  әлеуметтік-құқықтық  көмекті жетілдіруге   бағытталған  бағдарламалар  мен  жобаларды  әзірлеп  және  іске  асыру, социологиялық  және  өзге  де мониторингтер  жүргізу, пробациян  реттейтін  нормативтік  құқықтық актілердің  жобарын  әзірлеу  барысында  қоғамдқ  талқылауға  қатысу, пробация  мәселелері  бойынша  консультативтік-кеңесші  және  сарапшы органдардың  жұмысына   қатысу, Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  қайшы   келмейтін  нысандарда   өзге  де  жәрдем  көрсету  мүмкіндіктеріне  ие.

Пробация  қызметіне  келіп  өз  ойларыңыз  бен  ұсыныстарыңызды  білдіргілеріңіз  келсе, пробация  есебінде  тұрған  азаматтарға  көмек  көрсетемін  десеңіздер (жұмысқа  қабылдау, отбасына  жәрдемдесу, мәдени-спорттық  іс-шаралар  т.б) еріктілер  ретінде  тіркеліп   топ  құрып  қатарға  қосамыз  деген  ойларыңыз  болса  пробация  қызметі   сіздермен  бірлесіп  жұмыс  жасауға  дайын. Сөз  соңында келешегіміз  үшін  бірлесіп  елімізде  соттылықты   азайту, қылмысты   болдырмаудың  жолын  табайық  деген  ой   тастағым  келеді.

 

0 пікір