Жеке мерекеңізбен!
Жеке мерекеңізбен!
03.07.2021 17:56
356
0

 

           Бүгінгідей жайма шуақ жаздың күнінде қаламыздың дамуына айтарлықтай үлесін қосып жүрген, қоғамда қалыптасқан өзіндік орны бар тұлға, малдың емес, елдің қамын жеп жүрген азаматтарымыздың бірі, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары  –  Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқанның туған күні!

Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Күндеріңіз көркем, жылдарыңыз жемісті болсын!                        Еңбекте толағай табыстарға,  мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз асқақтай берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! Жас буынға үлгі болып, ел игілігіне қызмет етіп, халықтың алғысына бөленіп жүре беріңіз!!!                 

          Елім, жерім дейтін өзіңіздей білімді де білікті жастарымыз көп болсын!

Ізгі ниетпен:

«dabylinfo.kz» Республикалық ақпараттық  агенттігінің Бас редакторы Назипа Дарханбайқызы Мамықова

0 пікір