ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ЖОЛАУШЫНЫҢ АМАНДЫҒЫ
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ЖОЛАУШЫНЫҢ АМАНДЫҒЫ
30.04.2024 14:31
21
0

Күнде еститініміз – жол апаты. Жиілеп кеткені сон­ша­лық, адам өлімін ауыр қабылдамайтын болыппыз. «Жүргізушілер қатты жүреді» дейміз де қоямыз. Жылдамдықты асыру. Жауапсыздық. Жантүршігерлік жол апаттарының басты себептері осылар. Бұған жол­дың сапасыздығын қосыңыз. Жоғары жылдам­дық­пен жүруді жаман әдетке айналдырған жауапсыз жүргізушілердің кесірінен елімізде күн сайын жол-көлік апаты болып жатады. Екі күннің бірінде күре жол үстіндегі қайғылы оқиғадан талай жанның тағдыры үзіліп, талайы ауыр жарақатынан айығып кете алмай, өмір бойына мүгедек болып қалып жатыр. Қара жол бойындағы қасіретті жағдайлар азаймай тұр. Адамның айдың-күннің аманында жарық дүниеден мезгілсіз өтіп кеткенінен артық қасірет жоқ. Төтелеп келген ажал ата-анасы болашағынан үміт күткен жасты, әсіресе буыны қатып үлгермеген баланы жұлып әкетсе, тіпті жаның жұтап, сең соққандай есеңгіреп қаласың.

«Асыққан – шайтанның ісі» деген сөз бар. Жаны бар сөз. Қарапайым ғана қағида. Жол ережесін сақтау – әрбір адамның өз өміріне деген жауапкершілігі әрі бірден-бір кепілдігі. Жолды жөн­деуге болады, жол қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ететін заңнаманы жетілдіру де уақыттың еншісіндегі іс. Алайда «темір тұлпар» тізгіндегендердің тәртібі тү­зелмей, жыл­дам­дықпен ойнаған жүр­гізушілердің желігі басылмай, әр жүргінші өз жауап­кер­шілігін жете түсінбей жағ­дай­дың оңға басуы қиын. 
         Жарақаттанудан қаза болудың алдыңғы қатар себептерінің бірі жол-көлік оқиғасы болып табылады. Жол қозғалысы ережесін бұзудың ең өрескел қателіктерінің бірі - мас күйінде көлік басқару болып табылады.  Шаһарымызда жол қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде. Жүгенсіз жүргізушілер арнайы көлік бақылауында болмақ. Осы арқылы кей ұйымдар да жүргізушілерді тәртіпке шақырмақ. Жол ережесін сақтамай, заңды белшесінен басқандардың мәселесін қолға алды.  Осы ретте,  Түркістан қаласы аумағында жол жүрісі қағидаларын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 22-27 сәуір аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол көлік оқиғасын алдын алу бойынша арнайы ескерту парақтарын таратылды.

Құрметті жүргізушілер!

Автокөлікті басқару кезінде жылдамдықты асырмай, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, өзге жол жүрісі қатысушыларына сыйластық танытып, жол көлік оқиғасын алдын алуға шақырамыз!

Жүргізушіге «жолда бай­қап жүр» деп айту аз­дық етер. Жол ережесін сақ­та­масаң ырым қылып таққан тәсбихтің де пайдасы шамалы. Кейбір жүргізушілер са­пасыз жолды, бағусыз малды себеп етіп өзде­рін ақтаған­дай болады. Кө­лік тізгіндеген адам өзі­нің өмірі­не ғана емес, кө­лік ішіндегі адамдардың тағ­ды­рына да жауапты еке­нін ұмыт­пағаны абзал.

 

0 пікір