ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
11.08.2024 15:49
4
0

                                                       

 

Жолдағы қауіпсіздік – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шығынының өсуін болдырмау мақсатында құзіретті органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде.  Жол-көлік оқиғаларының профилактикасы есепке алу, тіркеу және себеп-салдарын талдаудан бастау алады.  Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қорғау міндетін жүктейді. Мемлекеттің бұл міндетін орындауда құқық қорғау органдары басымдық рөл атқарады. Олардың тиімділігі көп жағдайда құқықтық реттеу дәрежесіне, құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылының тиімділігіне, олардың қызметін бағалау мен жетілдіруге байланысты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде – жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру тағы бір маңызды мәселе екенін атап өтті, бұл құқық қорғау органдарының үнемі назарында болуы керек. Президент соңғы үш жылда елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға артқанын атап өтті. Оның ішінде 6,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 55 мың астамы жарақаттанған. «Бұл еліміз үшін нағыз трагедия. Біз әрқашан және барлық жерде адамдардың өмірі мен денсаулығы – ең маңызды екенін мәлімдейміз. Сондықтан қазіргі жағдайды түзету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет» екенін атап өтті.

Бірінші кезекте барлық азаматтар жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға назар аудару қажет. Жуырда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің жетекшілігімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында жауаптылар қала аумағында орын алған жол-көлік оқиғалары мен оның алдын алу шараларын күшейту мәселесін егжей-тегжейлі талқылап, жолдың әрбір қауіпті учаскесі бойынша орындалатын жұмыстар барысын пысықтады.
Отырыс барысында аудан бойынша жауапты қызметкерлер қала әкімінің орынбасарына жолдағы қауіпсіздік шаралары, проблемалары және оны шешу үшін тиісті мекемелермен бірге істеліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Айдын Кәрімов ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша есептерді тыңдап, жолдағы қауіпсіздік мәселесі едәуір күрделі екенін жеткізді.
            Атап айтқанда, 7 айдың қорытындысы бойынша 974 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4 еседен астам көп. (2023 ж. 189 ЖКО тіркелген) және соның салдарынан 42 адам қаза тапқан және бұл көрсеткіш те өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 13, 5 пайызға өскен (2023 ж. 37 адам қаза тапқан). Осыны назарға ала отырып, А.Кәрімов жағдайды тез арада жақсарту мәселесінде кешенді шараларды қабылдау және осы салаға бекітілген әрбір қызметкердің жауапкершілігін күшейту бойынша нақты жұмыстарды атқару қажеттігін атап өтіп, сала басшыларына ескерту жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша Айдын Кәрімов «Қала тұрғындары жолда жүру кезінде өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс», - екендігін қайта атап өте отырып, жұмыс топтың отырысы ай сайын өткізілетінін және кешенді шараларды қабылдау жұмысының жалғасатынын хабарлады.

0 пікір