ЖОЛДАУДА ҰЛТ САУЛЫҒЫНА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН
ЖОЛДАУДА ҰЛТ САУЛЫҒЫНА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН
10.09.2024 15:00
12
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігіне тоқталды. Президенттің сөзінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша қор әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді.

         “Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек”,- деп айтқан ел Президенті медицина саласын дамыту бойынша атқарылар жаңа міндеттерді айтты. Жолдауда денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен міндеттер бүгін Шымкент қаласында «Ontustik tv» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында талқыланды. Тікелей эфирде ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден МӘМС жүйесі туралы түсіндіріп, сауалдарға жауап берді. Соңғы 3 жылда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу есебінен мемлекеттік бюджеттен тыс медициналық көмек көрсетуге 2,5 трлн теңгеден астам қаражат бағытталды, бұл медициналық көмекті қаржыландыруды 2,5 есе арттырды. Сақтандыру қаражаты пациенттерге қымбат тұратын тексерулер мен операцияларды қолжетімді етуге мүмкіндік берді. Кардио және нейрохирургияны, ЭКҰ, трансплантологияны қаржыландыру 3,5 есе артты.

         Медициналық оңалтуға және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат көлемі 12,5 есе өсті. Азаматтарымыз жоғары білікті медициналық көмек ала алады, отбасылық бюджетке үлкен шығындар түседі деп алаңдамайды. Өткен жылы қазақстандықтар жалпы саны 123 млн медициналық қызмет алды, оның ішінде емханалардағы дәрігерлердің қабылдауы, УДЗ, КТ, МРТ, зертханалық талдаулар, ауруханаға жатқызу, жедел жәрдем шақырулары және т.б. Саланы жетілдіру мақсатында мемлекет басшысы бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құруды тапсырды. Ол медициналық деректерді үйлестіру, алмасу және басқару үшін жағдай жасауды, қайталану және қателік тәуекелдерін азайтуды, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуды және пациенттердің жеке деректерін жариялаудан жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігін баса айтқан болатын. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді", - деді Президент.

 

0 пікір