Жолдауды іске асыру
Жолдауды іске асыру
01.09.2023 19:16
22
0

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев ауылшарушылығын дамыту негізігі мәселенің бірі екеніне тоқталып бұл сланың дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтап шешуді тапсырған болтын.  Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керек. Қазақстанның аграөнеркәсіптік кешені ел экономикасына маңызды құрамдас бөлігі.  Аграрлық саланың дамуы бүкіл экономикалық әулеттің жай күйін мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздік деңгеін және қоғамдағы әлеметтік экономикалық жағдайды айқындайды. Бүгінде қолданыстағы тракторлар мен комбайндардың басым бөлігі он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Ал техниканың ұзақ уақыт пайдаланылуы өнім шығымының жоғалуына және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер тарапынан шығатын көлденең шығындарға әкеліп соғатыны анық. Осы орайда ел Президенті елімізде ауылшаруашылығы өнімдерінің көлмін және оныңқосымша құнын арттыру қажеттілігін атап өкен болатын. Аграөнеркәсіптік кешен саласындағы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірбиесін көбейту жоспарлануда. Қазақстанда аграөнеркәсіпті мемлекет қолдау тәсілдері де қайта қаралды. Ауылшарушылығы министрлігінің мәліметінше «Инвестициялық субсидиялау шеңберінде өнімдердің терең өңдеуді ынталандыру шаралары әзірленіп салық саясаты қайта қараламақ. Ал машина трактор жаңарту мақсатында жасыл даму қаражатынан ауылшарушылығы техникасына 20 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Білім ғылым өндіру тиімді жүйесін қалыптастыру үшін зерттеу университтерінің ролін күшейте отырып дамыған елдердің тәжірбиесі бойынша аграрлық ғылым жүйесіне рефорима жүргізіледі. Сондай ақ, 2024-2028 жылдарға арналған сенекция және тұқым шарушылығын дамытудың кешенді жоспары бекітілмек.

«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы» бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу екенін айтты.

«Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек», - деді Мемлекет басшысы.Сонымен бірге, Президент, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты келешегі зор бағыттарға басымдық беру керегін жеткізді.

 «Өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті.Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0 пікір