ЖҮРЕККЕ ЖАСАЛАТЫН ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР САНЫ АРТҚАН
ЖҮРЕККЕ ЖАСАЛАТЫН ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР САНЫ АРТҚАН
20.05.2024 15:26
27
0

          Мемлекеттің медицина саласына жыл сайын қыруар қар­­жы бөліп, ерекше қолдап отыр­ғаны те­гін емес. Әділетті Қа­зақ­стан құ­рамыз деген үл­кен мақ­саты­мыз бар. Асыл мұ­ра­тымызды орындау халықтың жігеріне, адал пейіліне, сонымен бірге тікелей денсаулығы­на да байланысты. Президент жыл сайын халыққа Жолда­уын­да осы медицина саласына айрықша тоқталады. Соның аясында Үкімет алдына міндеттер қо­йып, оларды орындау бойын­ша нақты тапсырмалар бере­ді. Мәселен, өткен жылғы «Әді­летті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жол­дауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан ұлт­тық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақса­ты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», деп атап өткен еді. Сондық­тан Президент пәрменімен саланы өркендету жұмыстары бүкіл елімізде, соның ішінде рес­публиканың үшінші басты қаласы – Шымкентте де ерекше қарқынмен жүргізіліп жатыр. Мегаполисте медицинаның са­пасын жақсарту Жолдау­да айтылған тапсырмалар аясында жүзеге асса, екіншіден, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде атқарылып отыр. Шымкент қаласындағы «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда. Шымкент жүрек орталығының дәрігерлері 76 жастағы қарияның жүрегіне жасанды жүрек аппаратын қолдану арқылы ашық ота жасап, аман алып қалды.

         Адам өміріне аса маңызды жүрек қан тамырлары  зақымдалған зейнеткер Бахадыр Исановқа құны 2 миллион 900 мың теңге тұратын күрделі ота МӘМС есебінен жасалған. Ақ желенділер мұндай ота түрлерімен жылына 500-ден астам науқастың өміріне араша болуда.

         Медицина дамып келеді. Әрі-беріден соң ем іздеп шетел асудың да қажеті жоқ. Керектің көбі өзімізде бар. Дәрігерлер де аурудың қиын түрлерін емдеуді меңгерген. Тіпті жүректің өзіне науқасты пышаққа түсірмей, еш жерін тілмей-ақ ота жасайды.
Бүгінде мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша назар аударып келеді. Әсіресе, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне баса назар аударылып жүр. Шымкенттің өзінде заманауи, жоғары технологияларды оталарды жасау жергілікті дәрігерлер үшін қалыпты жағдайға айналып келеді. Шымкенттің денсаулық сақ­­тау саласы да өрлеп жатыр.

0 пікір