Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2%-ға жетіп, оң өсімді көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.
Бұл қарқын алғашқы бес айға қарағанда 0,2%-ға жоғары және соңғы 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде өсім 3,2%-ды құрады.
Экономиканың нақты секторы +8% және қызмет көрсету саласы болды, ол 5,2%-ға өсті. Көлік (+22,7%) және құрылыс (+18,4%) салалары айтарлықтай үлес қосты. Сондай-ақ саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты өсу байқалады (+8,4%).Өңдеу секторы 5,5%-ға, ал ауыл шаруашылығы 3,7%-ға өсті.
Көп оқылғандар
ТҮРКІСТАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ – САПАЛЫ ӨМІР МЕН ДАМЫҒАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҮЛГІСІ
ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ ТІРКЕЛУІ БОЙЫНША АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ