ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
23.04.2024 11:27
22
0

Алты ай қыста үйіміз жылы болса, көңіліміз жайлы болады. Әр шаңыраққа жылу жеткізу үшін қаншама адамның маңдай тері төгіледі десеңізші! Мәселен, бүгінде қаламыздағы жылу құбырларын жөндеу, жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл үшінші мегполисте 30 шақырым жылу желісі мен 2 қазандық жаңарады. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы жылу құбырларының жалпы ұзындығы 838,6 шақырым, ал тозу деңгейі 37 пайызды құрайды. Жалпы мегаполисті 23 қазандық пен 17 сорғы стансасы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Қазандықтардың орташа тозуы 30,5%, сорғы станцияларының тозуы 41%. Өткен жылы 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтті. Сонымен қатар Нұрсәт нысанында қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй мен 464 бюджеттік мекеменің тұрғындары тұрақты жылумен қамтамасыз етілді. Ал биыл қала әкімінің тапсырмасы бойынша 30 шақырым жылу жүйесінде ағымдағы жөндеу, 4 нысанда құрылыс жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Оның екеуінде жылу қазандықтарын жаңғырту, екеуінде 7,2 шақырым жылу желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда тұрғындарды жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көктемгі-жазғы маусымда жоспарлы жөндеу және қайта құру жұмыстары жүріп жатыр

0 пікір