КӘСІБІМ МЕНІҢ ЖЕМІСІМ
КӘСІБІМ МЕНІҢ ЖЕМІСІМ
02.07.2024 16:24
23
0

 

«Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды». Атадан қалған тәмсіл дәл қазіргі заманда актуалды тақырыпқа айналған.  Қуантарлығы, бүгінде жастардың кәсіп бастауға деген ынтасы жоғары. Бұдан биліктің берер қолдауы да қолжалғау болып отыр. Осы мақсатта Төлеби ауданында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Негізгі идея - жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау. Экскурсиялық бағыттағы шара барысында жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау тақырыптары қозғалды.  Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

            Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, түрлі жеңілдетілген несиелер шарттарымен танысты. Бұған қоса, Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехына арнайы барып, өндіріс ошағындағы жұмыс барысын практика жүзінде көрді.

Бүгінде жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар қатары артқан. Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Оған дәлел, мұнда «Жастарға арналған 2,5 % несие», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бастау бизнес» жобасы жөнінде мәліметтер беріліп, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ кәсіп иелері, жастарға өзі қызығатын кәсіп ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, жастарды кәсіпкерлікке баулитын экскурсиялық бағыттағы семинар, 20 мамыр мен 14 маусым аралығында облысқа қарасты 17 аудан, қалада жалғасады деп жоспарлануда.

0 пікір