КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
07.10.2022 21:10
26
0
Президент Жолдауын іске асыру мақсатындағы кезекті жиын «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының ұжымында өтті. Кездесуге Шымкенттегі корей этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Роза Пак қатысып, Президент Жолдауындағы нақты міндеттер мен тапсырмалар төңірегінде ойын жеткізді.
-Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – әрбір қазақстандық үшін өте маңызды құжат. Онда отандастарымыз көптен күткен іс-шаралар қабылданды. Мәселен, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударылады. Мені бұрыннан ұстаз ретінде білім беру мәселесі толғандыратын.
Енді елімізде «Жайлы мектеп» атты жаңа ұлттық жоба қолға алынды. 2025 жылға дейін республикада 800 мың студенттік орын ашылады. Бұл апатты және үш ауысымдағы мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Мен шымкенттіктердің Жолдауды жүзеге асыру ісін қолға алғанына қуаныштымын. Ал, бизнеске, атап айтқанда, өнеркәсіп саласына келер болсақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілмек. Енді бұл жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке көбірек қаржы түседі деген сөз, - деді Р.Пак.
Кондитер фабрикасының жұмысшылары құнды ақпарат үшін қонақтарға алғыстарын білдіріп, Жолдауда айтылған нақты бағыттар қазақстандықтардың мақсат-тілектеріне сай келетінін атап өтті. Олар өз тараптарынан қызықтырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.
Айта кетейік, Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС ұжымымен кездесті. Жиындағы күн тәртібі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы болды.
Жиынды «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман ашып, алғысөзді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің және қалалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевке берді. Бауыржан Ілімшеұлы Президент Жолдауында көтерілген қоғамдағы демократия, жаңа экономикалық саясат, ауыл шаруашылығының жаңа секторларын дамыту, заңнама жүйесін жаңғырту сияқты өзекті тақырыптарға тоқталды.
0 пікір