КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕР ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕР ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
13.04.2024 13:23
26
0

Шымкентте кәсіпкерлерге көрсетілер қолдау жалғасын тауып жатыр. Осы бағытта кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен жиын өтті. Шараға «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ да белсенділік танытты.  

Басқосу барысында аталған даму институттары өнеркәсіпті дамыту саласында көрсететін қызметтер және отандық тауарөндірушілерге мемлекет тарапынан ұсынылатын қолдаулар бойынша туындаған мәселелері талқыланды.Семинарға қаладағы 40- қа жуық кәсіпкерлер ат салысып, тиісті мағлұматтармен құлақтанды.

0 пікір