«КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫНДА 428 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНЕДІ
«КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫНДА 428 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНЕДІ
01.09.2024 12:30
27
0

     Қайтарымсыз грант – бұл жұмыссыз жүрген алайда тың идеясы бар, кәсіп ашқысы келетін адам үшін ең тиімді жоба. Мегополистегрант алуға екі лекте жалпы 2 426 адамнан өтінім түскен. Сондай-ақ, қаламызда 428 адамға қайтарымсыз грант иеленді.

     Айта кетейік, Шымкент қаласында осы жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2024 жылдың 1 тамызына дейінгі жағдай бойынша 27 168 адам қатысып отыр. Мұнан өзге 30 207 адамды мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмысқа жалдау, қысқа берзімді кәсіптік оқу және кәсіпкерлік бастамаларына қатыстыру көзделіп, 7 айдың қорытындысымен оған 17 163 адам қатысуда. Оның ішінде 7 453 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Шымкенттің даму жоспары мен жеке кәсіпкерлердің бастамасымен жаңадан құрылатын жұмыс орындарына 10 003 адам орналасқан.

   Биыл қаламызда 426 адамға грант беру жоспарланса, комиссияның шешімімен 428 адамның бизнес-жобасын қолдауға қайтарымсыз қаржы мақұлданды. Жоспардың артығымен орындалуының себебін басқарма басшысы «комиссия өкілдері 400 АЕК-ке дейінгі қаржыны оңтайландырып, тағы екі адамға грант тағайындау мүмкіндігі жасалды» деп түсіндірді. Грант алуға екі лекте жалпы 2 426 адамнан өтінім түсті. Комиссия мақұлдаған бизнес-жобалардың 44-і мал және құс шаруашылығы, 100-і қызмет көрсету салалары, 56 жоба кондитер және нан өнімдері, 84-і тігін, 31 жоба жартылай фабрикаттар, 8-і жиһаз өндірісі, 62 жоба өндіріс саласы және 43-і қоғамдық тамақтану орындары іске қосу жобасын құрады. Комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир қосулы болды. 400 айлық есептік көрсеткіш 1 476 800 теңгені құрайды. Қайтарымсыз грант – жұмыссыздар санын азайтуға да сеп болады деген сөз. Жұмыссыз немесе ісін жаңа бастаған кәсіпкер, қандас, мүгедек жандар немесе мүгедектігі бар бала асыраушылар, аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасының мүшелері грант иегері атана алады. 

      Сонда-ақ, қайтарымсыз грант қаржысын несиені өтеуге, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға және акцизделетін өнімдерді өндіруге қолданылмайды.

0 пікір