Кедейлер болмауы керек
Кедейлер болмауы керек
14.12.2020 11:44
360
0

  Еліміздің басты мәселе және оның мемлекеттілігіне төнетін басты қауіп – байлар мен кедейлер арасындағы өршіп келе жатқан әлеуметтік алшақтық.

  Сонымен бірге, біздің басты байлығымыз мұнай және металл ғана емес, бүгінгі таңда әділетсіздік салдарынан қорлық көріп отырған дарынды және еңбекқор халқымыз деп санаймыз. Бұл мұқтаж жандарға, кәсіпкерлерге, тіпті көптеген мемлекеттік қызметшілерге де қатысты.

  Әлеуметтік әділеттілік және ел азаматтарының қадір-қасиетіне деген көзғарасы білім беру мен медицина сапасымен, тұрғын үй, лайықты жұмыстың қолжетімділігімен айқындалады.

  Осы салалардың әрқайсысы қаржыландырудың жетіспеушілігі мен жемқор шенеуніктердің ұрлығынан зардап шегуде.

  Қазақстанда кедейлер мүлдем болмауы керек. Жаратушы бізге табиғи игіліктер мен дарын-қабілет берді, еліміздегі әрбір адамның лайықты баспанасы, лайықты жұмысы болуы керек, оны отандастары да, мемлекет те құрметтеуі керек.

  Қазақстан сияқты бай елде ел заңдары, үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдар ата-аналар балаларын емдеу үшін ақша жинап, ал аналары түнде жұмыс істеуге және балаларын қараусыз қалдыруға мәжбүр ететін жағдайларға жол берілмеуі тиіс.

  Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін:

● Ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін  7-8% – дан аспайтын етіп шектеуді.

● Адамдар мен олардың балаларын коллекторлардан қорғау үшін – «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы керек, онда  кедейлікке  ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы қамтамасыз етілу тиіс. Біздің азаматтарды баспанасыз қалдыруға болмайды!

● Халық жинақтарын ұқыпты ұстау үшін БЖЗҚ және Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету керек. Бұл қорлардың  қаражаттары, олардың  қызметкерлерінің  жалақылары мен  шығындары  ашық талқыланып, Парламентте  мақұлдануы  керек.

● «Ақ жол» демократиялық партиясы БЖЗҚ-ғы салымшылардың жеке шоттарында жиналған қаражаттарды орналастыруды дербес басқаруға рұқсат беруді ұсынады, мысалы салымдарға кепілдік беру мемлекеттік жүйесінің көлемі шегінде БЖЗҚ-да өз жинақтарын екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне орналастыру. Мұндай депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктердің көлемін ұлғайту жағын да қайта қараған жөн.

Сонда азаматтардың зейнетақы жинақтары неғұрлым жоғары кіріске ие болады, ал банктер экономиканы несиелеуге қосымша қаржы ресурстарына қол жеткізеді.

● Зейнетақы шоттарындағы жиналған қаржыны банктердің депозиттеріне салса, жеткілікті жинақ сомасы Үкімет мәлімдегендей 5-6 миллион теңге емес, 2-3 миллион теңге болады. Яғни, бұл қаржы тұрғын үй бағдарламаларына әлеуетті қатысушылардың санын 700 мың адамнан (үкімет болжамдары бойынша) 1,5-2 млн және одан да көп адамға дейін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

●   Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қаржаттарын да нақты салымшылармен ұштастыру керек.

  Қорда әрбір азаматқа оның төлемдері есепке алынатын оның жеке шоты бекітілу тиіс, онда салымшының өзінің келісімі бойынша оның немесе жақындарының емделуі үшін ақша төленуі мүмкін.

  Егер клиент сапасыз емделген жағдайда немесе қанағаттанарлықсыз қарым-қатынас жасалған жағдайларда салымшының мұндай қызметтерге ақы төлеуден бас тартуға құқығы болуы керек. Сонымен қатар, Қордың өзі салымшылардың алатын медициналық қызметтерінің сапасын бақылауға және емделушілердің шағымдары бойынша тұрақты жұмыс жүргізуге (қажетті шаралар қабылдауға) міндетті.

  Сонда ғана қызметкерлер өз міндеттеріне мұқият қарайды, ал білікті медицина қызметкерлері өздерінің қиын еңбегіне лайықты еңбекақы алатын болады.

● Ауылдан қалаға көшіп келетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктер өндіріс салаларына, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымдар үшін үй-жайлары бар шағын әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салуы тиіс.

Мұндай баспана қарапайым және арзан болуы керек, сонда ғана жастар қалада бейімделіп, білім алып, жұмыс істеп, өздеріне ыңғайлы жағдай жасайды.

● Жас отбасыларын ынталандыру және бала туу өсімін  арттыру үшін, «Ақ жол» демократиялық партиясы 2013 жылдан бастап жас отбасылар үшін ипотекалық несиелер бойынша әрбір бала тұғанда 25%-тік субсидиялауды ұсынып келеді. Сонда екінші бала туғанда мемлекет ипотеканың жартысын, ал 4-ші бала өмірге келгенде – түгелін өзі жабуға тиіс болады.

  Бүгінде үкіметтік бағдарламалар көпбалалы отбасыларға арналған. Бірақ ешқандай отбасы бірден көпбалалы отбасы болмайды. Жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуіне кезең-кезеңмен ынталандыру керек.

● Әлеуметтік қорғау ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы және әлеуметтік жәрдемақылар айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) емес, ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелуі тиісол толыққанды тамақтануға, киім-кешекке, коммуналдық шығыстарға қажетті шығындарды қамтитын тұтыну корзинасының нақты құнымен айқындалуы тиіс. Еуропа елдерінде тұтыну кәрзеңкесі мәдени ойын-сауық шығындарын да қамтиды, өйткені ол тұрмыс сапасына ықпал етеді.

● Пандемияға байланысты жағдайлар білім беру, денсаулық сақтау салаларында, әлеуметтік төлемдерді цифрландырудағы сәтсіздіктер, оның шұғыл қажеттілігін анықтады. Цифрлық, оның ішінде қашықтықтан оқытуда, мемлекет пен азаматтардың, ұйымдар мен клиенттердің өзара іс-қимылдарының әдістерін дамыту- жалпы әлемдік бағыттардың бірі болып тұр.  

  Бұл жұмыстардың үйлесімді және толықтырушы қалыпта жүргізілуі өте маңызды. Мысалы, әр қалада тұрғын үйге кезек ашық қолжетімді болуы керек. Сондықтан әркім өзінің пәтер кезегінің алға жылжуын қадағалап, алаяқтықты анықтай алады. Әзірге пәтерлерді әкімдіктердің шенеуніктері мен олардың туыстары жалға беріп, пайда тауып, бірнеше пәтерлерді алды деген дабылдар ғана түсіп жатыр. Ал мүгедектер, жетімдер мен көп балалы аналар мен отбасылар өздерінің армандаған баспаналарын ондаған жылдар бойы күтуде.

  Осыған байланысты, әкімдіктердің берген әлеуметтік тұрғын үйлерін тексеруді ұсынамыз. Егер бұл әлеуметтік тұрғын үйлер басқа адамдарға қайта сатылса немесе жалға берілсе – мұндай пәтерлер алынып, жылдар бойы өз кезегін күтіп тұрған мұқтаж отбасыларына қайта бөлінуі керек.

● «Ақ жол» демократиялық партиясының әлеуметтік саясатының басымдығы – сапалы және қол жетімді білім. Балалардың таланты ата-анасының тұрғылықты жеріне немесе кәсібіне байланысты емес.

  Егер де қаладағы дарынды балалар үшін арнайы мектептерде сапалы білім алудың түрлі мүмкіндіктері болса, ауыл оқушыларында мұндай мүмкіндік өте аз.

  Сондықтан ауылдық жерлердегі дарынды балаларға арналған білім беру мекемелерінің жүйесін құру қажет.

● Тұтастай алғанда, талантты жастардың елден кетуін («ғұламалардың жылысауын») тоқтататын жүйелі бағдарлама қажет. Жыл сайын мыңдаған талантты жас жігіттер мен қыздардың Қазақстаннан кетіп, қайта оралмауы біздің ұлттық трагедиямыз.

  Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, елде өсу мүмкіндіктері басқа кез келген шетелге қарағанда әлдеқайда тартымды болуы керек.

  • Мұғалім еңбегінің ел болашағы үшін баға жетпес маңызын ескере отырып оқытушының жалақысын Еуропа елдері деңгейіне көтеріп, оны еш қажеті жоқ есеп-қисап қағазбастылық пен өз жұмысынан басқа жүктемелерден босату, оның ішінде сайлау комиссияларына қатысуды шектеу керек.
  • ЖОО-ның білім бағдарламасын, ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымын жетілдіру үшін оған шынайы дербестік беру, оқу мен ғылыми үрдістерді ұйымдастыру мәселесінде, ректорды сайлауда Ғылыми кеңестің құзырын кеңейту қажет. Яғни ЖОО-ның ұзақ мерзімге бағытталған үдемелі әрі тұрақты дамуына академиялық қауымдастықтың өзі кепіл болуға тиіс. 
  • Пандемия кезіндегі оқиғалар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықсыздығы мен мүшкіл жағдайын ашық көрсетті. Педагогтардың мәртебесі туралы қабылдаған заң секілді, «Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің мәтебесі туралы» арнайы Заң қабылдап, олардың адами, материалды және де кәсіпқой жағдайын қорғап, тәуекелді төлемдерін бекіту қажет.

 

Дереккөз:  «Ақ жол» Демократиялық партиясының  ресми сайты

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:
 

1. Жаңа жеңілдіктер мен зейнетақы жинағын алдын ала алу
2. Коронавирус пандемиясынан аштыққа ұшырап отырғандар саны 270 миллионға өсті
3. Қ.Тоқаев: Асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін
4. Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады
5. Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның су заңнамасы одан әрі жетілдіруді талап етеді

0 пікір