«КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНДА ТАРИХИ-ЕСКЕРТКІШТЕР МАҢЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНДА ТАРИХИ-ЕСКЕРТКІШТЕР МАҢЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
20.04.2024 14:29
39
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық "Киелі мекен" тазалық акциясы Шымкент қаласының  әр елдімекенін қамтып, ескерткіштер мен саябақтар абаттандырылып жатыр.  Еліміз бойынша 8 сәуір күні басталған экологиялық акция 11 мамырға дейін жалғасады.  Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Бүгінгі күні «Алтынтөбе», «Абай» саябағы, «Қабанбай батыр», «Қапал батыр» ескерткіштерін және «Мірәлі баба» кесенесінде тазарту жұмыстары жүргізілді. 

«Мірәлі баба» кесенесінің тазалық жұмыстарын жүргізуге 50 жұмысшы және 2 техника жұмылдырылған. 

 «Мірәлі баба»аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Кесене аумағының тазалық жұмыстарына ауданның ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенді атсалысып қатысты. Жалпы бұл аудан тұрғындары әр апта сайын ерікті түрде жиналып, кесенеге тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады. Арнайы техникалар мен мамандарда алдағы уақытта келіп жұмыстар жасайтын болады, - дейді Қаратау аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Бекарыс Бахадыр.

 

0 пікір