«КИЕЛІ МЕКЕН» НАУҚАНЫНА БҰЛ ЖОЛЫ ҚАЛА МЕШІТТЕРІ ДЕ ҚОСЫЛДЫ
«КИЕЛІ МЕКЕН» НАУҚАНЫНА БҰЛ ЖОЛЫ ҚАЛА МЕШІТТЕРІ ДЕ ҚОСЫЛДЫ
23.04.2024 14:31
50
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс пен қала әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеген еді. Әрі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бекітіп, ел тұрғындарын қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға шақырды.  Әрі әр аптаға түрлі атау беріп, ел тұрғындарын сенбілікке шақырды.

 

Бес аптаға жоспарланған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының бүгінде екінші аптасы жалғасуда. «Киелі мекен» науқанына бұл жолы қала мешіттері де қосылды. Бүгін қаламыздың бас мешітіндегі тазалық жұмыстарына имамдар, медресе шәкірттері, мешіт жамағаты ат салысты.

      — Мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» республикалық акциясын Шымкент қаласындағы мешіттер ұжымы да қолдап, аптасына 3 рет тазалық жұмыстарын өткізіп жатыр. Пайғамбарымыздың (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» деген сөзі бар. Сондықтан тазалықты ең бірінші өзімізден, отбасымыздан, тұратын үйімізден, ауламыздан бастауымыз керек. Айналамызда тазалық сақтау діннің жартысын орындағандай болып есептелінеді. Сондықтан барша қала тұрғындарын осы акцияға ат салысуға, жалпы өмірімізде тазалыққа ұмтылуға шақырамын,—деді қаланың бас имамы Бақдәулет Абдрахманов.      

      Айта кетейік, бас имамының айтуы бойынша қаладағы 92 мешіттің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде.

0 пікір