Энергетика министрлігі электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамытуға ерекше назар аударып келеді.
Бүгінде елдегі электр энергиясын өндірудің негізін көмір генерациясы құрайды. Оның үлесі жалпы электр энергиясы өндірісінің 62,1%-на тең.
Елдің энергия теңгеріміне газ генерациясы да елеулі үлес қосуда. Қазіргі таңда газ электр станцияларының үлесіне электр энергиясы өндірісінің 23,4%-ы тиесілі.
Ірі су электр станцияларының (шағын ГЭС-терді қоспағанда) үлесі 7,5%-ды құрайды. Олар экологиялық таза электр энергиясын өндірумен қатар, энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге маңызды үлес қосады.
Жаңартылатын энергия көздері де тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта ЖЭК объектілерінің жалпы генерациядағы үлесі 7%-ға жетті.
Осылайша, Қазақстанның энергетика саласы энергиямен жабдықтаудың сенімділігін сақтай отырып, генерация көздерін әртараптандыру бағыты бойынша дамуда. Қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа энергетикалық нысандар салумен қатар, жаңартылатын энергетиканы, газ генерациясын және гидроэнергетиканы дамыту жұмыстары жалғасуда. Бұл өз кезегінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru