Коронавирус пандемиясынан аштыққа ұшырап отырғандар саны 270 миллионға өсті
Коронавирус пандемиясынан  аштыққа ұшырап отырғандар саны  270 миллионға өсті
13.11.2020 13:20
512
0

  Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Тұрақты комитетінің отырысына қатысты.

  Бейне конференция байланысы сипатында өткен отырыс барысында коронавирус пандемиясы жағдайындағы ұйымның қазіргі қызметі туралы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Георгий Церетелидің және Бас хатшы Роберто Монтелланың ақпараты тыңдалды. Карантин шараларына қарамастан ЕҚЫҰ сайлауды (АҚШ, Грузия, Черногория және тағы басқа елдердегі) байқауға қатысу жөніндегі жұмыстарды белсенді түрде жалғастырып отыр. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан мен Қырғызстанда болатын сайлауға мониторинг жүргізу жөніндегі алда тұрған жұмыстарды атап өтті.

  БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) атқарушы директоры, 2020 жылы Нобель сыйлығын алған Дэвид Бизли негізгі баяндамашы ретінде COVID-19 таралғаннан кейін халықтың табысы төмен елдерде азық-түлік тапшылығы қиындай түсетіні туралы айтты.

  «2020 жыл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі азық-түлік қауіпсіздігі мен гуманитарлық дағдарыс тұрғысында ең ауыр жыл болды. Коронавирус пандемиясына  байланысты аштыққа душар болатын адамдардың саны 135 миллионнан 270 миллионға дейін өсті», - деді Дэвид Бизли.

  WFP атқарушы директоры елдерді COVID-19 әсерінің басқа да мәселелеріне, атап айтқанда денсаулық сақтау жүйесі мен азық-түлік тапшылығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігіне назар аударуға шақырды.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының ресми сайты

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Түркістан: Зертханалар коронавирус инфекциясына тәулігіне 5000 сынама өткізуге дайын
2. Алексей Цой мырза COVID көрсеткішін ойдан шығарып жүр ме?
3. Қарулы күштерде екінші ПТР-зертхана іске қосылды
4. Түркістан: қашықтан білім алып жатқан оқушыларға планшеттер таратылды
5. Түркістан: 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды
6. Аурудан жазылған адам 90 күнге дейін басқаларға вирус жұқтыруы мүмкін бе? Комаровский жауабы

0 пікір