КӨШЕЛЕРДІ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСАДЫ
КӨШЕЛЕРДІ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСАДЫ
14.10.2022 21:58
36
0
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты жалпы жолдардың ұзындығы 1 110 шақырымды құрайды. Оның 41,7% асфальтталған, 48,6% шағал тас төселсе, 9,7% топырақ жол.
Биыл 83,6 шақырымды құрайтын 89 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанады. Аудан әкімі Р. Мулкеманов бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің халықпен есепті кездесуіндегі баянатта осылай деп мәлімдеді.
“Жыл басынан бері 40 шақырымды құрайтын 43 көшеге шағал тас, 547,1 шақырым жолға асфальт жабыны төселді. Аудан көлемінде көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді. 2025 жылға дейін тағы 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге құрылыс жұмыстарын жүргізіп, асфальттау жоспарлануда”,-деді аудан әкімі.
Естеріңізге салайық, былтыр бұл аудан бойынша 56,8 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды. 29,2 шақырымды құрайтын 34 көшеге шағалтас төселді. Сонымен қатар 91 көше жарықтандырылған болатын.
2022 жылы жарықтандырылған көшелер саны 130-ға жетті. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған. Биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының 28,9% пайызы орындалған. Осы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған.

0 пікір