КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
10.08.2024 15:32
4
0

​                      

Елімізде соңғы уақытта креативті индустрия туралы жиірек айтылып, бұл салаға мемлекет те аса мән беріп келеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасы мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көп үлесін тигізері сөзсіз.Сондықтан Мемлекет басшысы осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасалу қажет екенін айтқан болатын. Ол өз Жолдауында шығармашылық индустрияны қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері бойынша көмек көрсету жөнінде нақты міндет қойған еді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның эко­­номикалық бағдары» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында: «Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сү­­­йей­­­тін «креативті өндіріс» салалары шы­­найы инклюзивті экономиканы дамы­­­­тудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десе­­­ңіз, креативті экономика дарынды әрі шы­ғар­машыл адамдарды өзіне тар­­­­татын ірі қалалардың дамуына ықпал ету­­­ші күшке айналуда. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индус­­­­трияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен. Дегенмен дарынымен бүкіл әлемді мойындатып жүрген отан­дастарымыз аз емес. Біз елі­міз­де креа­­­тивті экономиканың жан-жақты дамуы­­на барлық жағдайды жа­­­­сауы­мыз керек. Соның ішінде зият­­­­­кер­­­­лік меншікті қор­ғайтын құқық­тық тәсілдер қажет. Бұл – өте маңызды мәселе» деген еді. 

Шымкентте креативті индустрия саласы да дамып келеді. Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы қалалық креативті индустрия қауымдастығымен бірге Арбат демалыс аймағында жәрмеңке өткізуді қолға алған. Бұған дейін әр сенбі күні пилоттық деңгейде өткізілген жоба 3 тамыз күні ресми түрде ашылмақ. Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары сатылып қана қоймай, шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтілуде. Басқарма басшысы алдағы уақытта қалада креативті хаб ашу да жоспарда бар екенін айтты. Кеңес отырысында қала аумағындағы санитарлық-гигиеналық нүктелер жайы да талқыланды. Кәсіпкерлер бұл мәселенің аса маңызды, туристерді алып жүруге ескеретін жағдай екенін жеткізді. «Қала аумағында 50-ге жуық дәретхана бар. 13-і – парктерде, 37-сі – жолдардың бойында. Олардың жағдайына мониторинг жасалды, алдағы уақытта қолға алынып, мұндай нүктелер жаңартылады. Осы тұста айта кетерім, қалалық әкімдік тарапынан дәретхананы ұстап-күтуші заңды тұлғаларға ай сайын субсидия беріледі. Бірақ, өтінім берген кәсіпкер аз. Сонымен қатар, саябақтардағы, туристер көп жүретін көпшілік орындардағы ретсіз саудамен күрес те қолға алынуда», – деді қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов. Жиын барысында, сонымен қатар, ешқандай органда тіркелмей, заңсыз жұмыс істейтін гидтермен күрес мәселесі де талқыланды. Жауапты мамандар ондай гидтер анықталған жағдайда полицияға хабар беруді ұсынып, алдағы уақытта тіркелген гидтер тізімі жаңартылатынын жеткізді. «Қазақстандық туризм индустриясы» республикалық қауымдастығы» ЗТжЖК бірлестігінің өкілі Ромэлла Пак жаңадан ашылып жатқан туристік агенттік иелеріне құжат алмастыру, бухгалтерияны дұрыс жүргізуді оқытуды жөн деп санайды. Айтуынша, себебі, бухгалтерлік есептердің дұрыс жүрмеуіне байланысты көптеген туристік агенттіктер жабылып, банкротқа ұшырауда. Сонымен қатар туристік операторлар мен туристік агенттіктер арасында түсініспеушіліктер бар екенін жеткізді. Осыған байланысты 5 тамыз күні туристік операторлар мен агенттіктер кездесуін ұйымдастыру туралы келісілді.

0 пікір