Мағзұм Мырзағалиев: Кеше біз Алматыда ағаштарды жабайылықпен кесу фактісіне куә болдық.
Мағзұм Мырзағалиев: Кеше біз Алматыда ағаштарды жабайылықпен кесу фактісіне куә болдық.
25.11.2020 13:24
379
0

slider

 

  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы қаласында орын алған ағаш кесу фактісіне қатысты пікір білдірді.

  «Кеше біз Алматыда ағаштарды жабайылықпен кесу фактісіне куә болдық. Оқиғаның қоғамның ашуын тудыруы орынды. Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды!»,- деп жазды ол Twitter парақшасында.

  Министр қазір ел бойынша атмосфералық ауаның ахуалын жақсартуға бағытталған үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

  «Экокодекс қабылданып жатыр, Президент 2 млрд-тан астам ағаш егуге тапсырма берді. Жұрт болып жұмылып, бір мақсат жолында жұмыс істеп жатқанда, жоғарыдағыдай жағдайлар тіптен орынсыз»,- деген министр.

  Оның сөзінше, биыл ғана Мемлекет басшысының тапсырмасымен ағаш кесуге қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша Заңға өзгерістер енгізілген. Атап айтақ, 1 ағаш кесілсе, орнына 10 ағаш егу өтемақысы енгізіліп, айыппұл көлемі екі есе артқан.

  «Табиғи ресурстарымызға ұқыпты қарауға шақырамын. Бір ағаш жайқалып өсуі үшін ондаған жылдар керек. Болашағымыз біздің экологиялық мәдениетіміздің деңгейіне тікелей байланысты»,- деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Түркістан: Бәйдібектік шаруа қожалық жылына 250 тонна ет өндіріп отыр
2. Түркістан: «Праймериз» ақпараттық жүйесіне барлық төраға тіркелді
3. Түркістан: Арыстық зергер мемлекеттік бағдарлама көмегімен өз шеберханасын ашты
4. Түркістан: Негізгі капиталға 260 млрд теңге инвестиция бағытталған
5. Түркістан: «Birgemiz» қоры арқылы Мақтааралда 32 үй салынып жатыр

0 пікір