«МАХАББАТ АРАЛЫ» САХНАЛАНДЫ
«МАХАББАТ АРАЛЫ» САХНАЛАНДЫ
18.06.2024 14:21
138
0

 Біз өмір сүріп жатырған қоғамда жетістіктеріміз әрине аз емес, алайда көрінбейтін жағымызда мәселелерде баршылық. Сондай күрделі мәселенің бірі жемқорлық. Қоғамымызда бұл мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да бар, дегенменен бұл мәселе әлі де болса толық шешімін тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу әлеуметтік күрделі мәселесі болып отыр. Кез келген қоғамның дамуына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

         Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша мектеп пен ата-ананың тіпті оқушының алдында тұрған ортақ мәселе екені анық.
         Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық дамуға, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту үдерісін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етіп қана қоймай , елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін қасіретті құбылыс екені анық. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмасының премьерасы Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында өткен болатын.

Тау бөктеріндегі табиғат – Ана салған аралда, үш тағдыр мен табиғат иелері арасындағы тартыста таразы басына азғындық пен махаббат тасы салынады. Қай тас басым түспек?..

Пьеса ертеректе жазылғанымен, қазіргі таңдағы ушығып тұрған жемқорлық мәселесін меңзейді. Қойылым үш кейіпкер арқылы адамзатқа тән асыл қасиеттер мен сезімдердің арзандап кеткенін көрсетеді. Белгілі азамат, хирург, Марат Мамаевичтің ұғымында сатылмайтын нәрсе жоқ. Адамды емдеп жазу үшін ақы алатын дәрігер, жас, сылқым арумен табиғат аясында демалуға келеді. Бірақ, тағдыр деген шебер емес пе, оны кезінде науқас әйелін аман алып қалу үшін бар дүниесін дәрігерге ұстатқан орманшымен жолықтырады. Ақшасы көп, дегені орындалып қалған хирургтің қырсыққанда көлігі бұзылып, азық-түлігі суға кетіп, белінен шойырылып, жүре алмай әбігерге түседі. Бірақ, жанынан орманшы табылып, хирургке әр қадамына ақша сұрап, ақылы қызмет көрсетіп, ескі кегін қайтарады. Оған өмірлік жарынан айырылған адамның жан күйзелісін осылай ұғындырмақ болады. Соңында ақшасы таусылған Марат Мамаевич болашақ жарын ойланбастан орманшыға ертіп жібереді. Ал, сылқым Айна сүйгенінің шынайы кейпін танығанда қателескенін ұғынып, одан теріс айналады.

Қойылым режиссеры Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов үш кейіпкер арқылы тұмса табиғат аясында махаббаттың нәзік пернесін жүрек қылымен тербеткен жас қыздың жанын жаралаған адам арқылы барлығы бар заманда адам жан-дүниесінің азғындауна не себеп?.. Азғындық пен адалдықтың формуласы бар ма?.. деген әлемдік сұраққа жауап іздейді. Адам тағдыры мен табиғат арасындағы арпалысты талқыға салатын қойылымның көрерменге берері мол.

 

0 пікір