МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСТІ
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСТІ
10.07.2024 14:10
72
0

Денсаулық сақтау саласы еліміздің негізгі салаларының бірі. Өйткені, халықтың денсаулығы жақсармай, ұлттың сапасы да артпайды. Денсаулық – бұл әр адамның және бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші! Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойыпты: «Адамға өмірде не қымбат, байлық па, даңқ па?». Сонда Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ»,- деп жауап берген екен. Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек. Адам азбаса, ұлт тозбайды. 

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында №13 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесті. Мәжіліс депутаты медицина мекемесінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдады. №13 қалалық емханада бүгінде 45 мың тұрғын тіркелген.

Таңсәуле Ғабдыманапұлы медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында мамандармен әңгімелесіп, ұсыныстарды тыңдады. МӘМС жүйесі, онкологиялық аурулардың алдын-алу, қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі өзекті екенін атап өтті.

– Медицина саласы әрдайым серпілісті, жаңа өзгерістерді қажет етеді. Парламент қабырғасында депутаттық сауалдардың жартысы медицина саласына қатысты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде көтерілген мәселелер шешімін тауып жатыр. Заң шеңберінде қарастырамыз. Жалпы бүгінде онкологиялық аурулардың алдын алуға, медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасына мән беру керек. Мамандардың жұмысқа деген құштарлығы болуы қажет, – деді Мәжіліс депутаты.

Қазіргі таңда емханаға 650 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Кездесуде қызметкерлер ендігі ретте ғимаратқа лифт орнату қажет деген мәселені жеткізді. Сондай-ақ, компьютерлік томография құрылғысы тапшы екені айтылды.

0 пікір