МЕГАПОЛИС МЕДИЦИНАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
МЕГАПОЛИС МЕДИЦИНАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
12.09.2024 15:52
25
0

Бүгінде «Ұрпақтың денсаулығы – ұлттың саулығы» деген сөздің мәні  артып келе жатқанын күннен-күнге сезіне түсудеміз. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз әр жыл сайын халық денсаулығын көтеру үшін әртүрлі бағдарламалар қабылдап, жаңа ауруханалар салып, медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейтіп, біліктілігін арттыруды жолға қойып, миллиардтаған теңгелер бөлді.

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядағы баяндамасында, ұлт денсаулығы мемлекетіміздің басты байлығы екенін айтты.

Шымкентте тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу қарқыны артуда. Кейінгі жылдары халыққа сапалы әрі қолжетімді медицина­лық көмек көрсетіліп, денсаулық сақтау саласы біршама жүйеленгенін білеміз. Міндетті «әлеу­меттік медициналық сақтандыру» енгізілгелі сала маман­дарының жауапкершілігі артқаны байқалады. Өйткені сақтандыру қорына ай сайын жарнасын аударып отырған азаматтардың медициналық көмектің сапасына қатысты талап қоюы қалып­ты жағдайға айналып келеді.

            Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты мақсаты - халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше бүгінгі таңда Шымкентте халық саны 1 241 809 адамды құрайды. 967 828 қала тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатына кіретін 700 мыңнан астам азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлеуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 308 190. Бұл туралы ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен мәжіліс барысында мәлім етті. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков және бірқатар басқармалар мен аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысқан жиын барысында халықты МӘМС жүйесінде қамтуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Қор филиалының директоры Ляззат Барлықбайқызының айтуынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту. Дегенмен бүгінгі таңда медициналық сақтандырылмаған әлеуметтік осал топты азаматтар мен ұзақ мерзімді демалысқа шыққанда МӘМС жарнасының әр айға жеке аударылмауынан сақтандырылу мәртебесінен айырылған ұстаздардың жағдайы өзекті мәселе болып қалуда. Ол азаматтар медициналық көмексіз қалмаулары керек. Сол себепті жауапты сала мамандарына бұл бағытта нақты тапсырмалар берілген болатын. Мәжілісте қарастырылған жұмыстардың орындалу барысы алдағы уақытта қала әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін аймақтық штаб барысында қаралатын болады.

0 пікір