МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙМДАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙМДАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
26.04.2024 13:15
48
0

Шымкент қаласында 7 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр. Бұл жайында жауаптылар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру» тақырыбы төңірегінде өткен семинарда баяндады. Ғылыми-практикалық іс-шараға еліміздің 10 өңірінен келген педагог-мамандардың басын қосты. Әріптестер осы саладағы мәселені шешуде қандай жұмыстарды бірлесе шешіп, өзара тәжірибе алмасты.
Үшінші мегаполисте Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагогтердің басын қосқан ауқымды семинар өтіп жатыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім сапасын арттыру тақырыбын қозғаған іс-шараға 500 педагог-маман қатысты. Жиында бала тәрбиесі, оқытудың озық әдістері, тәрбиешілердің білімін жетілдіру мәселелері талқыланды.
«10 өңірден келген мамандар бірлесіп, өзара іс жүзінде тәжірибемен бөлісті. Озат педагогикалық технологияларды айтты. Әдістемелік құралдар бойынша әңгіме өрбіді. Баяндамалар өте мазмұнды. Мұндай іс-шаралар өте қажет. Қанша жерден материалдық-техникалық базасын жақсылап жасағанымен, кез келген білім беру процесіндегі басты тұлға – мұғалім. Сондықтан бірінші кезекте педагогтердің біліктілігін арттыру, олардың сапалық құрамына мән беруіміз қажет», – Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева.
Елдің 10 өңірінен келген ұстаздар жиналған өңірлік семинар Шымкент қаласында алғаш рет өтіп жатыр. Педагогтер күннің алғашқы бөлігінде тәжірибелік алаңдарда білімдерімен бөлісті.
Салтанат Өтемісова, «Мектепке дейінгі дамыту» орталығы директорының міндетін атқарушы:
«Мақсатымыз – мектепке дейінгі бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беру. Ең бастысы, қазақтың ұлттық нақышын ұмыттырмау, елін, табиғатын сүю, мәпелеуге баулу мақсатында біз мектепке дейінгі тәрбие саласын, оның ішінде тәрбиешілеріміздің жұмысын көрсету. Осы мақсатта жиналып, жан-жақтағы өңірлерден келіп, әдіс-тәсіл алмасып, бір-бірімізден үйрену мақсатында жұмысымыз артып келе жатыр».
Бүгінде Шымкент қаласында 7000 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Бұл мәселені шешу мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің үйлестіруімен мектеп жасына дейінгі балаларды бірыңғай кезекке тұрғызу жүйесі жұмыс жасауда дейді білім басқармасының басшысы. Сөзінше, мегаполисте 612 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның 71-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік мекеме. Қазір бұл ұйымдарда 71 мыңнан астам бала тәлім алуда.

0 пікір