МЕМЛЕКЕТ БЕДЕЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ АБЫРОЙЫ
МЕМЛЕКЕТ БЕДЕЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ АБЫРОЙЫ
28.05.2024 02:15
16
0

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің беделі артып, мемлекеттік аппаратта қызмет етуге ниет білдірушілердің қатары да артып келеді. Ел мемлекеттік қызметкершілердің жұмысына қарап билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Бұдан мемлекеттік қызметкерлерге артылған жауапкершіліктің маңыздылығын байқаймыз.

Десек те, олар «ұлттың қызметшісі» атанғанда ғана мемлекеттік қызмет мінсіз болатыны ақиқат». "Ел болам десең, бесігіңді түзе" деген халқымыз бүгінгідей тәуелсіздік тұғырын нықтап, тұрақтылықты қалыптастыруы - мемлекетіміздің саяси бағыт-бағдарының оң нәтижесі. Мұндайда халықты өркениет көшіне жетелейтін ең алдымен мемлекеттік қызмет тізгініндегі азаматтарға зор жауапкершілік жүктейді. Бұқарамен байланысып, іскерлік қарым-қатынас жасауға мемлекеттік қызметшілердің үлгі бола білуі, қоғамның дамуына жол салар тұлға ретінде маңызды болмақ. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қоғамдағы рөлін сезініп, біліктілігін арттыру, интеллектуалдық ынтымақтастық пен ортақ тіл табуда ең бастысы адамдық қарым-қатынас жасау жүйесін қалыптастыруы керек. Ол үшін әрине, әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қызмет этикасын, функциональдық міндетін жетік білуі шарт.Сонымен қатар, қызмет әдебін сақтай білу керек. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сай, кәсіби еңбегіне жанашырлық таныту Конституциялық құқықтарын меңгерудегі біліктілігіне негіз болмақ. Сонда ғана қоғамның ілгерлеуіне ықпал етер қозғаушы күш - мемлекеттік қызметшінің өркениетті ел мүддесі үшін үлесі зор екені айқын.

Осыған сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Алпысбайұлы 2024 жылдың 28 мамыры күні  Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған  мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттауға бағытталған іс шараларды ұйымдастыру мақсатында Қала әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Женисали Бахытжанович Тулепбергеновпен берге дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жауапкершілік жүгін арқалаған азаматтар мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын жадында ұстап, ұлт рухын ұлықтай білуі үшін адамгершілік қарым-қатынас, тілдік нормаларын қалыптастыруынан бастау алады. Бұл қоғамдық байланыс орнатудың негізі болғандықтан әрбір мемлекеттік қызметшіге міндет саналады.
   Айта кетейік, ел президенті Қ.Тоқаев : «Халқымыздың сана-сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңаруы керек. Сонда ұлттың жаңа сапасы қалыптасады” деген еді. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі осы тұрғыда сапалы кадрға лайық бүкіл талап үдделері шеңберінде дайындалды. Онда мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы, білім-біліктілігі, өзін ұстауы, елмен қарым-қатынастағы ізеттілігі, жұмысына жауапкершілігі тоғысқан. Осы талап негізінде қазіргі таңда сот саласында қоғамның сұранысына жауап бере алатын мамандар қалыптасты дей аламыз. Сот саласы әділ төреліктің орталығы, біліктілік пен құқықтық сауаттың шыңы. Ендеше, ондағы әр маманның басқаша болуы мүмкін емес.

Мемлекеттік қызметші беделі оның өмірлік орнын айқындайды. Кез келген қиындықтан жол табу, азаматтарды тыңдай білу, екіжүзділік пен өтіріктен аулақ болу, әдемі, сауатты сөйлеу оның қызметтіндегі негізгі құндылықтар. 

 Мемлекеттік қызметші өз жұмысын адал және лайықты орындап, ел алдындағы азаматтық борышы пен халықтың сенімін ақтай отырып, заңдар мен этиканы қатаң сақтау керек. Мемлекеттік қызмет туралы заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс Қазақстан Рсепубликасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді.  Заңда көрсетілгендей мемлекеттік қызметке кіру кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілік белгілеуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдындағы жауапкершілікті терең сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін барынша көтеруі қажет.

0 пікір