МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕБІ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕБІ
28.04.2024 02:18
21
0

 Әдептілік  –   мемлекеттік      қызметтің басты  ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, әдептілігі    өте маңызды.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің  моральдық және  әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Олардың  жұмысы, іс – әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда, халықтың назарында. Сол себепті, мемлекеттік органдарға қоғам тарапынан сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін  қалыптастыруға және мемлекеттік  қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексі қабылданды.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші  барынша сыпайы, адал, сабырлы, ұқыпты, қарапайым болуы қажет, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс – әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға міндетті. Еліне қызмет етуші маман өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсауға міндетті, Әдеп кодексінің талаптарын сақтап, тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу керек.

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілердің әдептілігімен қатар,  сыртқы келбетіне ерекше талап қойылады.  Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің моральдық  бет-бейнесі мен әдебіне  сырт келбеті де сай болуы қажет. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық – әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін  жағдайларға жол бермеуі тиіс.

 Осы бағытта, Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Алпысбайұлы 2024 жылдың 28 мамыры күні Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі  жарияланымдарға  мониторинг жүргізіп,  оның нәтижелері бойынша Қала әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында мемлкеттік қызметшілермен бірге жиын өткізді.

Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сәйкес басшы және қоластындағы қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңдық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Азаматтар мен әріптестерімен қарым қатынас жасау кезінде сыпайылық және әдептілік танытып мемлекеттік қызметте қарым-қатынастың жоғары болуына ат салысуы керек. Мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі нормаларының барлық талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Мемлекеттік қызметші –ұлт пен мемлекеттің бет бейнесі оның табысты жұмыс істеуінің кепілі екенін әрдайым есте ұстау қажет.

            Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті  атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығын есте сақтауы қажет. Себебі  қоғам,  мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің                 Отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет етеді деп сенеді.

         Қорыта келе, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы-ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып саналады.

0 пікір