МЕМЛЕКЕТТІҢ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРАПАТЫ КӘСІПКЕР АРУҒА ҚАНАТ БІТІРДІ
МЕМЛЕКЕТТІҢ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРАПАТЫ КӘСІПКЕР АРУҒА ҚАНАТ БІТІРДІ
27.05.2024 13:05
15
0

Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту соңғы жылдары ерекше назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асып жатыр.Аталған жоба халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлер үшін тең жағдай – бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған.

Жобаның негізгі міндеттемесі – қаржылай қолдау көрсету. Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның үшеуі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту. 

Бірінші міндет аясында азаматтарды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлікке баулиды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беріледі.

Осы ретте ұлттық жоба аясында қаржылай қолдау алып, грантқа ие болғанТөлеби ауданы, Леңгір қаласында тұратын Индира ахаеваның жетістігімен бөліспекпіз.

 Төлебилік ару жобаға қатысып, мемлекеттік грантты жеңіп алған. Нәтижесінде жеке тұрғын үйінен ою трафаретін жасайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

«Осы салаға қызығушылық танытып, білім алдым. Бүгінде өте күрделі оюларды кесу арқылы өз кәсібімді дамытып отырмын. Қазір Леңгір қаласындағы 5 тігін шеберханасынан тапсырыс қабылдаймын. Олардың ішінде көрпе, киім-кешектерге арналған оюларды қиямын. Қазіргі таңда ұлттық ою-өрнектерді сәулет және киім дизайнінде, зергерлік бұйымдар мен ыдыстар жасауда жиі қолданады. Сондықтан тапсырыс та көп», - дейді кәсіпкер.

Ұлттық жобаның тағы бір міндеті – субсидиялау арқылы жұмыс берушілерді ынталандыру, ал жас мамандар үшін өз дағдыларын арттыруға, өз кәсібін табуға немесе уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру. Бұл ретте елімізде 35 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, оқуын жақында аяқтаған жас мамандарға ұлттық жоба аясында "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" бойынша түрлі қолдау шаралары ұсынылуда

0 пікір