МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕРГЕ БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕРГЕ БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
08.04.2025 19:39
31
0

  Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсету шаралары жоспарланды. Бұл көмек Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылады.
 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 АЕК немесе 176 940 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаралған жалпы сома - 29,4 млн теңге. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1272 АЕК немесе 5 001 504 теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек аударылады. Бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10,0 млн теңге.
Тыл еңбеккерлері мен марапатталмаған ардагерлерге берілетін көмек - 15 АЕК немесе 58 980 теңге. Бұл топта 1586 адам бар, бөлінетін қаражат көлемі - 93,5 млн теңге.
 ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 15 АЕК немесе 58 980 теңге қаржылай көмек көрсетілед. 70 адам, жалпы сома 4,1 млн теңге.
 Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына - 15 АЕК немесе 58 980 теңгеден. 170 адам, бөлінетін қаражат - 10,0 млн теңге.
Жалпы алғанда, 1994 адамға мерекеге орай бір реттік әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 147,1 млн теңгені құрайды.

0 пікір