Мұрат Әйтенов "Фосфор" ауруханасының жұмыс барысымен танысты
Мұрат Әйтенов "Фосфор" ауруханасының жұмыс барысымен танысты
12.07.2021 17:40
137
0

         Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді. Шымкент қаласындағы №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде.

         Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға дайындалған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап көрді.

         Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ. Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған.

         Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.

0 пікір