МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША  ЖИЫН ӨТТІ
10.10.2022 19:52
35
0
Жиында қыс маусымына дайындық жұмыстары барысы баяндалды.
Жалпы саны 18 жылу қазандығы түгел дайын және қаламызда көмір қоры жеткілікті.
Инфрақұрылымдық жүйелер дайындығы, оның ішінде Игілік, Жиделі, Сайрам тұрғын алаптарында сапалы электр қуатымен қамту мақсатында бірқатар жұмыстары, сонымен қатар «КазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан газ қысымымен өлшеу жұмыстары, және де «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары толық орындалғанын басқарма басшысы Б. Булатбеков баяндады.
Сала мамандары тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің дайындық жұмыстарын тексеру барысында;
Еңбекші ауданына қарасты «Теріскей» шағын ауданында екі тұрғын үйде;
Әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Илеяв көшесінде бір және Түркістан көшесінде де бір тұрғын үйде дайындық жұмыстары мүлдем жүргізілмегендігі анықталғандығын атап өтті.
Жиын соңында қала әкімі, сала басшылары мен мамандарына жедел түрде аталған аудандардағы кемшіліктер бойынша және жекеменшік электр қуатын тарататын кәсіпкерлердің қысқа дайындығын анықтау бойынша комиссиялық топ құруды, тапсырмалардың орындалу барысын жүйелі түрде баяндап отыруды басқарма басшысына тапсырды.
Айта кетейік, қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді. 2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған. Қазір оның 21-і түзетіліп, қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді.


0 пікір