Нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау
Нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау
14.12.2020 11:55
408
0

  Кәсіпкерлікті қолдау экономикалық әлеуетті дамытудың құралы ретінде ғана емес, ең алдымен жұмыссыздық мәселесін шешудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және қазақстандықтарды табыс көздерімен қамтамасыз етудің басты құралы ретіндегі маңызы зор.

  Біз саяси реформалар жүргізілмейінше экономикадағы өзгерістер болуы мүмкін еместігіне көзімізді жеткіздік. Бұл саясаттың және экономиканың монополиялануы мен мемлекет иелігінде қалуымен қатысты болып тұр. Бірақ, өз кезегінде, экономикалық қолдау болмаса, либералдық саяси реформалар ұрандар ғана болып қалмақшы. Сондықтан экономикалық реформалар саяси реформалардың материалдық мазмұны ретінде қажет.

  Осы реформалардың экономика мен қоғамда ашықтық пен адал бәсекелестік мүдделерін қолдайтын жеке кәсіпкерлер мен бизнесмендердің бұқаралық табы ғана қозғаушы күш бола алады. «Ақ жол» демократиялық партиясы жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде ең алдымен шағын және орта бизнестің сенімді қолдаушысы және олардың табандыжақтаушысы болып қала береді.

  Біз инвестициялық ынталандыруды енгізу өте қажет деп санаймыз, мысалы:

● экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін және тұрақты (3-5 жылдан астам) жұмыс істегеннен кейінгі 50% қайтарым;

2015 жылы біз Кәсіпкерлік кодекске 30% инвестицияларды қайтару туралы норма енгіздік, жұмыс тобын «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы басқарды. Содан бері 5 жыл ішінде ең заманауи және жоғары технологиялық кәсіпорындардың ешқайсысы инвестицияларды қайтарған жоқ. Керісінше, Үкімет ондай жеңілдікті мүлде жоюды ұсынды.

● Заңда қарастырылған инвестициялық преференцияларын бермегені үшін шенеуніктердің жауапкершілігін Әкімшілік кодексіне енгізу қажет.

● Еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды 10 жылға салықтың барлық түрлерінен толық босату. Олардың экономикаға қосатын үлесі – жаңа технологиялар, жұмыс орындары және білікті кадрларды даярлау.

Біздің АЭА бос және қажетті нәтиже бермейді, өйткені берілген жеңілдіктер жұмыс істемейді және көптеген басқа елдердегі осындай шаралардан артта қалады.

● Негізінде, инвесторларға шенеуніктердің ойдан шығарған емес, бизнестің өзі сұраған преференциялар ұсыну керек. Мемлекет, бизнестің шартты міндеттемелерге сай кез-келген преференцияларын қарастыруға ашық болуы қажет.

  Пандемия кезінде президент пен үкімет бизнесті қолдау жөніндегі кешенді іс-шаралар қабылдады, бұл мақсаттарға бюджеттен қомақты қаражаттар бөлінді. Олардың көпшілігі ең алдымен салық саласында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ҚҚС-ын 12%-дан 8%-ға дейін төмендету, салық төлемдерін кейінге қалдыру, еңбекақы қорына салықтарды алып тастау және тағы басқа да осындай маңызды шаралар зор рөл атқарды, шын мәніне келгенде кәсіпкерлерді сақтап қалуға және мыңдаған кәсіпкерлерді күйреуден құтқарды.

  Бірақ та үкіметтің қолға алған іс-шаралары тиісті нәтижелерін бермей тур.    

  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы пандемиямен байланысты ахуалдың теріс экономикалық салдарын жою мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынды:

● Салықтық рақымшылық жасауды, шағын және орта бизнесті қосымша құн салығынан (ҚҚС), корпоративтік табыс салығынан (КТС) және мүлік салығын төлеуден ШОБ төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін босатуды;

● Ауылдағы шағын кәсіпкерлік пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толығымен босатуды ұсынды. Біз осы адамдарға алғыс айтуымыз керек, өйткені олар ауылдық жерлерде жұмыс істейтіні, мемлекеттің мойнына отырмай және өз отбасыларын өздері асырайтындары үшін қолдауға тиістіміз.

● ҚР Ұлттық банкінің базалық пайыздық мөлшерін екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) несиесі бойынша пайыздық мөлшерін жылдық 4-5%-дан аспайтын тиімді сыйақы мөлшері деңгейіне дейін төмендету мәселесін қайта көтеру қажет. Екінші деңгейдегі банктерден  тартылатын қаражат бойынша Ұлттық банк ноталарының мөлшерін де осылай төмендету керек. Сонда ғана банктер бос қаражатын экономиканы несиелеуге жұмсауға мәжбүр болады.

  Девальвация мен инфляциядан ең жақсы қорғаныс тәсілі – тұтыну тауарларын өндіретін отандық кәсіпорындарды дамыту. Ұлттық банк ЕДБ несиесінің биік мөлшерін инфляцины ауыздықтау үшін ұстаймын деуі – керісінше өндірісті тежеп тұр, импортқа дем береді және экономикадағы инфляцияны қамшылайды.

  • Күні бүгін Қазақстанда жаңа өндірісті жобалық қаржыландыру механизмі қалыптаспаған, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін капиталдың тиімді бағасы Ұлттық банктің саясаты мен ЕДБ-іне қажетті қорды жасақтайтын реттеушінің салдарынан жылына 16%-ды құрайды. Іс жүзінде банктер кепілдікке қоятын активтері бар, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік топтарды ғана несиелеп отыр, жаңа өндірісті дамытуға мүмкіндік жасамайды.

  Сол себепті қаржы қорларын іске қосу және несиені қайтарудың пайыздық мөлшерін төмендету үшін ЕДБ қызметін реттеуді қайта қарау керек.

  • Бірінші кезекте бизнестің сұрауы бойынша ЕДБ-ларды қазіргі барлық несиені бұрынғы қарыз жүгінсіз төмендетілген жаңа 6%-дық мөлшермен қайта қаржыландыруға міндеттеу керек болады.

  Қайта қаржыландыруға неге әлі қол жетпейді деген біздің сауалымыздан кейін «Даму» Қоры» 3 мың кәсіпорынды қайта қаржыландыруды мақұлдағанын, бірақ олар субсидия алу үшін қайдағы бір тезіден өтулері керектігін хабарлады.

  Осы кезде Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының мәліметі бойынша, 1 млн-нан астам кәсіпкер тығырыққа тіреліп, шағын және орта кәсіпкерліктің 430 мың нысаны жабылды немесе қызметін шектеуге мәжбүр болды? Бұл 0,1%-дан да кем. «Даму» Қорының бұл іс-шарасын кәсіпкерлер қауымы зор үмітпен қабылдаса да, міне мұндай «қолдаудың» шынайы да бар жемісі осы ғана.

 Ұлттық банк пен Қаржы нарығы агенттігіне ЕДБ-мен бірге бұндай қайта қаржыландырудың құқықтық реттеуін қарастыру керек.

  Шағын және орта бизнес қайта қаржыландыруды сұраса, банктер одан жиі бас тартуда. Әзірше, кәсіпкерлердің айтуынша, бұл мәселе түгелімен банктердің қолында екен, сол себептен, президенттің анық тапсырмасы мен осы мақсатқа бөлінген қыруар қаражатқа қарамастан, банктер проценттік ставкасын төмендетпей отыр және де кәсіпкерлер банктегі парақорлықпен жиі кездесуде. Осындай әділетсіздікті тоқтату қажет.

  • 2025 жылға дейін ШОБ-қа деректер мен электрондық шот-фактураларды міндетті түрде тапсырумен кассалық бақылау аппараттарын енгізу кейінге қалдырылсын.
  • ШОБ-тың айналымы қалпына келгенше ЕТҚ-ны салықтан босатуды, бизнестің босатылған қаражатының кемінде 50%-ын қызметкерлерге жалақы төлеуге міндеттелсін.
  • ШОБ-ты қолдау шараларын ЖШС түріндегі орта бизнеске қолдану. Бүгінгі кезде бұл шаралар (мысалы, КТС нөлдік мөлшері) жеке кәсіпкерге ғана қолданылады. 

 Отандық өндірушілерді қолдау және олардың монополистер көрсететін қызметтерге жұмсайтын шығындарын азайту мақсатында кәсіпкерлердің өздерінің таңдауы бойынша электр энергиясын тұтыну үшін түнгі тарифтерді қолдану тәжірибесін жаңғырту, іске қосу. Бүгінде түнгі тарифттерден бас тарту тиісті шығындарды 12-15% – ға арттырды.

  • Экономиканы жетілдіруді көмірсутегінсіз дамыту және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту тұрғысынан қарастыру қажет.

● Тұтастай алғанда, монополистер (ең алдымен энергетика және темір жол көлігі салаларында) және олардың әкімдіктер жанындағы басқарушы құрылымдары тарифтерінің негізділігіне толық ауқымды тексеру жүргізу керек, артық төленген қаражатты негізсіз жоғары тарифтер бойынша қайта есептеу мен қайтарылуы жүргізілуі тиіс.

● Мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасындағы тоғышарлық делдалдық құрылымдарды жоюдың экономикалық және саяси қажеттілігі пісіп-жетілді. «Бәйтерек» қоры, «ҚазАгро», Қазақстан инвестициялық қоры (ҚИҚ) сияқты барлық даму институттары және т.б. бизнесті қолдау үшін құрылған даму институттары мемлекеттен бөлінетін қаражаттар мен ресурстарды өздеріне шоғырландырып, оларды сыбайлас жемқорлық тетіктерімен жиі байланыстағы меншікті сүзгі арқылы бөле отырып, іс жүзінде «жіңішке мойын» болып табылады. Бизнеске көмекке бөлінген миллиардтық қаражаттар саналы түрде игерілмейді, жылдар бойы ЕДБ депозиттерінде жинақталады, ал түскен пайыздар менеджерлер арасында өзара бөлінеді.

Даму институттарының игерілмеген қаражатын бюджетке қайтару керек, кем дегенде олардың депозиттеріндегі барлық инвестициялық кірісті бюджетке қайтарылуы тиіс. Қаражаттың игерілмегенін, инвестициялық белсенділіктің төмендігін және жасалған инвестициялардың тиімділігінің төмендігін ескере отырып, олардың жалақысы жеткілікті деңгейде қалдырылуы керек.

● Табиғи монополиялармен және ерекше мемлекеттік мүдделермен тікелей байланыстағы ұлттық компаниялар ғана жұмыс істеуі керек. Мұндай компаниялардың барлық еншілес фирмаларын жекешелендіру арқылы бәсекелестік ортаға түсірілуі керек.

  Жергілікті жерлердегі бизнес үшін жер телімдерін, кең таралған пайдалы кен қазба орындарын және т.б. өзінің тікелей ықпалына шоғырландырған өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметі елеулі проблемалар тудырды. Бұл ӘКК-ні қорқытып алушылықтың  заңды нысанына іс жүзінде айналдыруға әкелді.
Мұндай ӘКК-ларді олардың ресурстарын еркін айналымға бере отырып  тарату керек.

● Өз өндірісінің тұтыну тауарларының жетіспеушілігі мәселесі шиеленісе түсті. Бұл жағдай біздің ішкі нарығымыздың импортқа тәуелділігін, валюта бағамының ауыр ауытқуын және инфляциялық тәуекелдерін туғызды.

  Төтенше жағдай аясында ҚР Президенті бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесін енгізу туралы ерікті шешім қабылдады. Дегенмен қолданыстағы Салық кодексінде мұндай мөлшерлемелер қарастырылмаған болатын. ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін ЭЫДҰ және Еуроодақ елдері басым секторларда, ең алдымен азық-түлік, киім-кешек, балалар тауарлары, тұрғын үй құрылысы, халыққа қызмет көрсету сияқты әлеуметтік өнімдерді қолдау үшін кеңінен қолданады. Бұл салықтардың ынталандырушы рөл атқаруына мүмкіндік беретін экономикалық саясаттың маңызды құралы болып табылады.

  «Ақ жол» демократиялық партиясы парламентте алғашқы күннен бастап аталған мұндай тетіктерді отандық тәжірибеге енгізу туралы ұсыныстар енгізіп келеді, біз жиырмадан астам сауалдар мен заңдарға ұсыныстарды жолдадық. Бірақ үкімет салық қызметтері үшін қиындықтар туғызатыны туралы сілтеме жасай отырып, мұндай ұсыныстарды қатаң түрде тоқтату үстінде.

  Өзінің шешімімен Президент бірқатар әлеуметтік тауарларға ҚҚС мөлшерлемесін 12%- тен 8% – ға дейін төмендете отырып, қолданыстағы Салық кодексінен тыс қадам жасады және мұндай шара Төтенше жағдай режимі кезінде мүмкін болды. Бұл тәсілді заңға бекітуде өте маңызды, біз 2020 жылғы 15 сәуірде Үкіметке кезекті сауал жолдап, Салық кодексіне түзетулер енгізу арқылы жасауға тырыстық. Алайда мемлекеттік органдардың жауабы өзгеріссіз қалды:

  «ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесін қолдану салық есебін қиындатуға алып келеді… ауыртпалығы төмен тетіктіктерді қолдану ұсынылады» деумен шектелді.

  Салықтар шенеуніктер үшін емес, бизнес үшін ыңғайлы болуы керек екенін Еуропада жақсы түсінгенмен, бірақ біздің елде дәлелдеу мүмкін емес.

  «Ақ жол» демократиялық партиясы әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен бизнестің басым салалары үшін қосымша құн салығының төмендетілген мөлшерлемелерін 0-6% деңгейінде енгізуді талап ететін болады.

● Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларын және дайын өнімдер өндірісін дамыту мақсатында отандық тауар өндірушілер үшін әкелінетін шикізатқа, материалдарға, жабдықтар мен жинақтауыштарға кедендік әкелу баждарын барынша төмендету ұсынылады.

  Отандық машина жасау кәсіпорындары ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар негізгі өндірушілермен ынтымақтастық шеңберінде пайдаланатын жабдықтар мен мұнай-газ және тау-кен құрал жабдықтарын өндіруді игеру үшін мұндай өнімді белгілі бір кезеңге ішкі нарықта қосымша құн салығынан босату керек.

  Әйтпесе қазақ жабдықтарын сатып алудан гөрі шетелдік жабдықтарды алып келген әлдеқайда арзан болады.

●  Бәсекелестік қаблеті жоқ бизнесті қайткен күнде де босқа қолдау үшін импортты алмастыру көзсіз мақсат болмауы керек. Отандық өнім Қазақстанның ғана емес, халықаралық нарықтың да ең қатаң талаптарына лайық болуға тиіс. Осы мақсатта елдегі техникалық реттеу саясатын түбегейлі қайта қараған дұрыс.

●       Экономикалық кемшіліктер толығымен қылмыссыздандырылуы керек. Экономикалық саладағы заң бұзушылықтар экономикалық әдістермен, ең алдымен қатан айыппұлдармен жазалануы керек.

  Кәсіпкерлерді қамауға алуға, бопсалауға және бизнесті жоюға апарып соғатын қылмыстық қудалауды тоқтату қажет. Егер тергеу қажет болса, қамауға алуды кепілдікпен ауыстыру керек.

● «Эпидемиологиялық бақылау» деген желеумен әр түрлі түсініксіз топтардың бизнесіне негізсіз және жалпы қысым жасауды тоқтату. Бұл «бақылау» уәкілетті органдардың үнсіз келісімімен жаппай бопсалау мен бопсалаудың түріне айналды. Кәсіпкерлікті тексеру тәртібі Кәсіпкерлік кодексінде нақты көрсетілген.

  Кодексте көрсетілгендей, мұндай тексеріс өкілетті мекеменің, яғни санитарлық эпидемиологиялық бекеттің (СЭБ) басшылығымен жүргізіліп, сол күннің ішінде міндеттітүрде прокуратурада тіркелуге тиіс.

  Алайда жергілікті кәсіпкерлердің хабарлауынша, тексеруді әкімдік пен полиция қызметкерлері жүргізіп, ал СЭБ солар жазған хаттама негізінде тек айыппұл жазып береді. Оған қоса мониторигі топтар шенеуніктердің туыстарына жататын кафе-мейманханаларды жиі тексермейтінін хабарлайды. Тексерушіге «шайпұл» бермегендерге ғана айыппұл төлетеді.

  Нәтижесінде бұл іс-шаралар тұрғындарды ауру жұқтырудан қорғамайды, онсыз да карантиннен жапа шеккен бизнесті керісінше тағы да бопсалаудың басқа түріне айналды.

  Прокуратура мекемелері сыртынан ғана бақылап отырмай, кәсіпкерлерді осындай «бопсалаушылардан» қорғауға міндетті. Соған байланысты «Ақ жол» демпартиясының депутаттары үкімет пен прокуратураға мониторингі топтарының іс-әрекетін реттеу талабымен сауал жолдады.

  Прокурорлар кәсіпкерлерді мұндай «рейдтерден» сақтап, бизнестің заңды құқықтарын бұзуға бейтарап қарамауы керек.

● Корпоративтік нарықтың басым бөлігі келетін ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуі тиіс. Шетелдік шикізат алыптары қазақстандық өндірушілерге немқұрайлы қарайды. Олар жыл сайын 8 триллионнан астам теңге сомаға өнімді шетке шығарады, бірақ оның көп бөлігі Қазақстанда бар немесе өндірілуі мүмкін.

  «Ақ жол» ҚДП және оның парламенттегі депутаттар фракциясы ШОБ үлесінде өндіруші өңірлердің жалпы елдік (28,5%) 2 есе артта қалуы (10-15%), өндірістік алыптар бар жерлерде жергілікті бизнес орташа көрсеткіштерден озуға тиіс деген жергілікті мемлекеттік органдардың наразылығын бірнеше рет білдірді. Дамыған елдерде жер қойнауын пайдаланушылар салық төлеуден басқа, жергілікті басшы кадрларды өсіруге, жергілікті бизнеспен бірлескен сервистік компаниялар құруға, өндірілетін шикізатты қайта өңдеуді жолға қоюға және т.б. міндеттенеді. Біздің өндіруші өңірлерімізде ШОБ ел бойынша орташа көрсеткіштерден озуы керек шикізат алыптарына неғұрлым көп ақша түссе, соғұрлым олар жергілікті серіктестерге төлеуге қалуы керек. Егер мұндай болмаса, онда барлық пайда елден шығарылады.

  Бірақ орны қайтып толмайтын табиғи байлығымызды сатудан түсетін салыққа қоса Қазақстан жаңа технология, жаңа кәсіпорын және жаңа мамандар да алуы керек емес пе?

  Бұл жергілікті биліктің жеткіліксіз жұмысын көрсетеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Тұңғыш Президенттің іскерлік қасиеттерінің арқасында Қазақстан өз ресурстарын белсенді түрде жылжытып, инвесторларға қарай бет бұрды, елдің дамуына қуатты серпін берді.

  Бірақ содан бері қазақстандықтардың жаңа ұрпағы дүниеге келді және өсті, біздің еліміз басқа елге айналды, алдына жаңа экономикалық  міндеттер тұр. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қаражат салған шетелдік инвесторлардың көбі өз инвестицияларын баяғыда ақтап, біздің табиғи байлықтарымыздан бірнеше рет пайда тапты. Тауарлардың сапасының нашарлығына және қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігіне жалған сілтеме жасап шетелдік шикізат алыптарына отыз жылдың ішінде қазақстандық мамандарды оқытуға, біздің азаматтарымыздан компаниялардың бірінші басшыларын іріктеп алуға, оларды өсіруге, технологияларды игеруге және сатып алынатын тауарлардың бірлескен өндірісін реттеу үшін көмектесуге болмайды ма? Неліктен Атырау мен Ақтөбеде шетелдік мердігерлерді ұлттық экономикаға жалдау жалғасуда, ал Теміртауда қазақстандық кәсіпкерлерге орындалған келісімшарттар үшін жылдар бойы миллиардтаған соманы төлемейді?

  «Ақ жол» демократиялық партиясы парламентте ғана емес, Үкіметтің шетелдік инвесторлармен келіссөздерінде деосындай мәселелерді қоятын кез келді деп санайды. Шетелдік инвесторларды қазақстандық кадрларды өсіруге, отандық өнімдер мен жабдықтарды сатып алуға, қажет болған кезде ауыстырылатын тораптар мен бөлшектерді игеруден бастап, бірлескен кәсіпорындарды құруды заңнамалық түрде міндеттеу керек.

  2014 жылы Үкімет «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңынан «қазақстандық тауар» және «қазақстандық өндіруші» ұғымдары алынып тасталды. «Ақ жол» фракциясының депутаттары ғана қарсы шығып, осы нормалардың сақталуы үшін 9 рет дауыс берді, қалған екі фракция 9 рет біздің ұстанымымызға қарсы дауыс берді және отандық бизнесті мемлекеттік сатып алулардан қорғауды алып тастады.

  Кейіннен біз қазақстандық кәсіпорындардың ұлттық компаниялар мен ірі жер қойнауын пайдаланушылардан мүдделерін қорғау үшін «сатып алу туралы» заңды қабылдау талабымен жиырма депутаттық сауал жолдадық, бірақ үнемі бас тартқан жауаптар алдық.

  2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ДСҰ ережелері бойынша шикізат алыптарының жұмысында отандық кәсіпкерлер үшін преференцияларды ішінара сақтаған жер қойнауы туралы Кодекс нормасының қолданысы тоқтатылады. Сол кезде шетелдік инвесторлар қазақстандық бизнесті мүлдем елемей қалуы мүмкін. Ал бұл үлкен проблема. Әлемдік экономикалық дағдарысқа айналған пандемия жағдайында барлық елдер өз кәсіпорындарын қорғауда. Біз Үкіметке өндірушілерімізді қорғауды және қазақстандық компаниялардың мүдделеріне нұқсан келтіретін ДСҰ мен ЕАЭО нормаларын қайта қарауды талап етіп жүгіндік.

  Шетелдік жұмыскерлерді тарту айрықша сипатқа ие болып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҰКП және Кәсіподақтар федерациясы деңгейінде жекелеп қаралуы тиіс.

 Дереккөз:  «Ақ жол» Демократиялық партиясының  ресми сайты

 

 

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

 

1. Түркістан қаласы жыл соңына дейін 100% газбен қамтылады
2. 100 мыңға жуық ШОБ тексеруі жүргізілмейді – ҚР ҰЭМ
3. Нұрлан Ноғаев: Жаңартылатын энергетика саласы тұрақты өсуде
4. Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады

5. Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның су заңнамасы одан әрі жетілдіруді талап етеді

0 пікір