НАШАҚОРЛЫҚ -ҚҰРДЫМҒА БАСТАР ЖОЛ
НАШАҚОРЛЫҚ -ҚҰРДЫМҒА БАСТАР ЖОЛ
16.05.2024 14:54
18
0

Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кетеді. Нашақорлықтың алдын алу маңызды нашақорлық-бұл адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қауіпті ауру. Нашақорлық адамға апатты зиян келтіреді. Өтірік, сатқындық, қылмыс, отбасының бұзылуы, өлімге әкелетін аурулар — бұл нашақорлықтың серіктері. Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама! Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып барады.

Осы бағытта, Түркітан қалалық Полиция департаменті және Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп, жастардың есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында,  Түркістан қаласындағы «Ахмет Яссауи» атындағы кәсіби колледж студенттеріне кездесу ұйымдастырды.

Жиын барысында жастарға кинологиялық қызмет орталығындағы есірткі мен жарылғыш заттарын анықтайтын және шабуыл жасайтын қызметтік іздестіру иттерінің жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар «Нашақорлықты және дәріханалық нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында есірткінің зияндылығы мен оларға қатысты құқық бұзушылықтарға жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді. 50-ге жуық студентті қамтыған бұл шарада жастар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап алды. Полицейлерге жастар танымдық экскурсия және қызметтік иттердің жұмысымен жеке танысу мүмкіндігін бергені үшін алғыстарын білдірді.

Есірткілердің бәрі өте қауіпті, зардабы ауыр. Ең үлкен  қауіп –шамадан артық қабылдау. Бұл жағдайдың  қауіптілігі тыныс алу кенет тоқтап қалады. Есірткіні көп қолдану салдарынан  ойлау қабілеті тежеліп, түрлі елес, галляюцинация, адамның өзіне деген сенімсіздігі туады, тамақ кеуіп құрғайды. Адамның кеудесі қысылып тынысы тарылады, жүрек соғуы жиілеп, басы айналады. Көз қарашығы ұлғайып, құлағы шыңылдайды, жүрегі айнып лоқсиды, болар – болмыс нірседен қорқып, үрейленіп жүреді. Бірте-бірте адам санасы тоқырауға ұшырайды. Көру қабілеті нашарлайды. Нашақор ұмытшақ, жалқау, дөрекі болып келеді. Есіл дерті наша тарту, онсыз күн жоқтай елететеді.
         Нашақорлық - денсаулыққа қатерлі дерт. Нашақорлық адам өміріне қауіпті, оның тұқымқуалау қасиеттері де бар. Ол - түпсіз тұңғиық. Осы ақиқатты жастарға терең ұғындыра білуіміз керек. Одан аулақ болудың жолы-ешқашан оның  дәмін татпау. Ал есірткі қармағына ілікендердің одан құтыламын деуі – тек өзін-өзі жұбату. Одан өлім ғана құтқарады. Бұл дерттен айығамын деген нашақор өзіне, ерік-жігеріне сенуі керек. Сонда ғана бір нәтиже шығуы мүмкін. Бұл үшін уақыт, темірдей төзімділік қажет. Тегінде шыңыраудан шығу азабына түскеннен, сол құзға апаратын жолға түспеген жөн.

Бүгінгі күні нашақорлық бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін тек дәрігерлер ғана емес, күнделікті көріп жүрген әр жан сезеді.

Бүгінгі жастардың ой – арманы, мақсат – мүддесі, тілегі, тірішлік – тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет – бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин және тағы басқа түрлері адамның миына, психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын зиянды заттардың бірі.

Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты өзіңнің таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Адам ағзасына өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресі жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нащақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт және осыған жету үшін дұрыс жолды білмейтін балалар да бар.

0 пікір