Назарбаев жеке басқа табыну туралы сұраққа жауап берді
Назарбаев жеке басқа табыну туралы сұраққа жауап берді
07.07.2021 11:25
159
0

Нұрсұлтан Назарбаев пен Оливер Стоун

 

Оливер Стоун "Qazaq. История Золотого человека" жобасындағы сұхбат аясында Нұрсұлтан Назарбаевтан жеке басқа табыну туралы сұрады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өмірінде Назарбаев Университетке ғана өз атын беруге келісім бергенін айтты. Бұл, оның айтуынша, үкімет назарын білім мекемесіне аударып, жастарды тарту үшін жасалған.

"Менің ойымша, бұл посткеңестік елдер ішінде ең үздік университет, - деп пікір білдірді Нұрсұлтан Назарбаев. - Қазір ректоры Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті Шигео Катсу".

Елбасы Қазақстандағы атын беруге қатысты басқа бастамалар туралы өз атын көшеге, мектептерге және өзге де нысандарға беруге қарсылығын бірнеше рет айтқанын еске салды.

"Президент болғанымда, бұл сақталатын. Қала атауын өзгертуге келсек, бұл бұрыннан көтеріліп келе жатқан мәселе. Бұл қала (...) тақыр далада кейінгі 20 жылда салынды. Ештеңе болған жоқ. Сіздің атыңызды бермегенде кімдікін береміз, әрбір тасына қолыңыз тиді деп сұрағандар болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Режиссер Оливер Стоун Нұр-Сұлтан ҚР Тұңғыш Президентінің ең үлкен туындысы болғанын топшылады.

"Ел де... тәрбиеленіп шыққан жаңа буын да", - деп қосты Назарбаев.

2012 жылы Ермұхамет Ертісбаев (Президент кеңесшісі болғанда) "Қазақстанда жеке басқа табыну жоғын, ал Назарбаевтың абыройы халқының алдында шын мәнінде асқақ" екенін айтқан еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

0 пікір