Назарбаевтың өмір бойғы төраға бола алатын қызметтері тоқтатылды
Назарбаевтың өмір бойғы төраға бола алатын қызметтері тоқтатылды
19.01.2022 17:09
93
0

ҚР Тұңғыш Президент баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Мәжілісі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде өмір бойы төрағалығының күшін жою туралы заңдарға түзетулерді қабылдады.

Бұл туралы депутат Қанат Нұров Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысының Парламенттегі соңғы сөзі шын мәнінде революциялық болды. Енді Парламент пен Үкімет оның барлық уәделерін толық, шұғыл және дәл жүзеге асыруы керек. Ең алдымен, Тұңғыш Президенттің ҚХА мен Қауіпсіздік Кеңесіндегі өмір бойғы төрағалығын алып тастау қажет болды. Оны бүгін жасадық. Мәжілістің осы тарихи шешіміне мен де қатыстым. Сенатқа "ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы", "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" және "ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы" конституциялық заңдарға барлық қажетті түзетулер жіберілді. Енді ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық адамның жеке басына емес, лауазымына қарай беріледі", — деп жазды депутат.

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына видеоүндеу жолдады. Тұңғыш Президент ешқайда кетпегенін, қазір зейнетте екенін айтқан болатын.

 

 

Дереккөз:Экспресс К.

0 пікір