Назарбаевтың тағы бір мәртебесі Конституцияда бекітіледі
Назарбаевтың тағы бір мәртебесі Конституцияда бекітіледі
25.04.2022 14:22
120
0
Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" мәртебесі Конституцияға енгізіледі. Бұл туралы жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірәсілов айтты.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізіг қалаушы. Осы мәртебесі анықталатын болады. Оның маңызы зор, себебі оның сіңірген еңбегін, нақты бар фактілерді бәрі біледі, барлық әлем көрпі жатыр. Сол мәртебесі Конституцияда бекітіледі", - деді Әбдірасулов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша конститциялық түзетулермен айналысып жатқан жұмыс тобы осындай шешімге келді.
"Жұмыс тобы сол мәртебесін Конституцияның өзінде анықтау керек деген қорытындыға келді. Осы норманы нақтылайтын басқа заңдарға қарамай, Конституцияның өзінде бекіту керек", - деп атап көрсетті Әбдірасулов.
0 пікір